БҚА-СМИ - Қабдеш Жұмаділов

Қабдеш Жұмаділов 83 жаста: шекараны бұзып, Қытайдан 200 мың қазақты бастап келген жазушы
Бүгін - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділовтің туған күні

Қарасөздің қарагері, жазушы, Қытайдан Қазақстанға өткен алғашқы ұлы көштің дарабозы Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Өз әкесі Сібетіде салдырған бастауыш мектептен білім алып, кейін жеті жылдық Шәуешек қазақ гимназиясын бітіреді.
1954 жылы Қабдеш Жұмаділовтің Үрімшіде шығатын "Шыңжаң газетінде" алғашқы өлеңі жарық көрді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің ІІ-курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. Осы студент шағында "Шұғыла" журналының бірінші нөмірінде "Жамал" атты тұңғыш әңгімесі басылып шықты.

Қабдеш Жұмаділов 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. Оқуды тәмамдаған жылы Жұмаділов өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.

Жұмаділов бастаған Ұлы көш

Қабдеш Жұмаділов 1962 жылғы Қытай қазақтары көшін дайындаған, әрi соның бұйдасын ұстап келген адамның бірі. 200 мың қазақ бес заставаны бұзып өтіп, 20 күн бойына Отанына қарай ағылған. Атты көш, түйелі көш, жаяу-жалпылы көш. Бұл үшін Жұмаділовті Қытай бүлікші деп айыптайды, ал Қазақ елі үшін ол кісі Дарабоз.

"1956 жылы Үрімшіге келіп, үш жылдай еліме қайта алмай қалдым. Қатаң бақылауда болдым. Жоғарыға дүркiн-дүркiн арыз жа­здым. Он­дағы мақсат – шекараға жақын (небәрi 18 шақырым) Шәуешекке жетiп, одан ары Қазақстанға өту, үзiлiп қалған оқуымды қайта жал­ғастыру еді. Шекарадан өтсем, менi керi қай­тармайтынына сенiмiм кәмiл. Өйткенi, Қа­зақ университетiнiң студенттiк билетi мен екi жыл бойы баға қойылған "сынақ кiтап­ша­сы" костюмiмнiң iшкi қалтасында тығулы жүр едi. Соны көрсетсем, менiң шекара бұзған жан­сыз, не "шпион" еместiгiме шекарашылар сенедi деп ойладым. Анығын айтсам, 1961 жылы көктемде Шәуешекке келудегi басты мақ­сатым осы болатын негізі", - дейді Қабдеш Жұмаділов.

Бірақ осы жеке мақсат үлкен мақсатқа айналады. Өйткені Қабдеш Жұмаділов Үрiмшiде ашаршылықтың дәмiн татып, көнек аурумен iсiп-кеуiп жат­қандарды өз көзiммен көрген. Шәуеш­екке барса, онда да ашаршы­лық жайлап алған. 1958 жылы жаппай құрылған Қытай билігінің "Халық коммунасы" қалың жұрт­шы­лықты ортақ қазанға қаратып, жеке түтiн шығаруға тыйым салып, iшер ас, киер киiмге зар қып қойған.

Бұқара халық бұған наразы болып, аштық апатынан құтылудың амалын таппай, бастары қатып жүрген аса қиын кезең еді. Жұмаділов коммунаға қарсы көтерiлiске шығып, қарулы әскер тарапынан күш­пен жанышталған Алтай аймағы халқының жайын да көзімен көрген.

"Алтай керейлерi анадай халге ұшы­рағанда, Шәуешектiң отырықшы, әрi "оқы­мысты" жұрты ондай қайрат көрсете алмасы анық. Демек, бұл елге аштық апатынан құ­тылудың басқа жолын iздеу керек. Мiне, атажұртқа ел көшiру идеясы менiң басымда осылай туды. Жеке мақсат ендi ұлт мақсатына айналды", - дейді Жұмаділов.

Жазушыны қынжылтатын жел сөз турасында

Ал көштің лап қоюына Қытайдың кедергі бола алмай қалуына ол кезде шекара күзетінде қытайлардың болмауы түрткі бопты. Иә, өзара келісім бойынша ол кез­де шекараны Кеңес одағының сол­даты ғана күзеткен, ал Қытай жағы әлi ше­кара күзетiн қолға ала қоймаған.

1962 жылдың сәуiр айында көш басталып кеттi. Оны Қабдеш Жұмаділов бір сұқбатында былай әңгімелейді:

"Несiн айта­сың, Совет Одағы жүз елу шақырымға созыл­ған Тарбағатай шекарасын бес жерден ашып тастады. Жаманты, Бақты, Ергейтi, Емiл, Шағантоғай заставалары бiр шақырымға дейiн шекара сымдарын жинап тастап, аттылы, арбалы, түйелi көштердi күндiз-түнi қабылдады-ау! Не керек, айналасы жиырма шақты күнде Шәуешек шаһары түгелiмен (қалада жүз мыңға жуық қазақ тұратын), қа­лаға қарасты аудан халқы, Шағантоғай ауда­ны, Шәуешектегi дүмпудi естiп қозғалған То­лы мен Дөрбiлжiн ауданының бiр бөлiмi ше­карадан өте шықты. Егер Қытай өкiметi әлсiн-әлi нота тапсырып, бiрiншi мамырда шекара жабылып қалмағанда, көш аймақтағы жетi ауданға түгел тұтасар едi. Соның өзiнде 200 мыңнан астам адам шекарадан өтiп үл­гердi.

Әрине, ресми құжаттарда бұл сан ке­мiтiп көрсетiлдi. Дұрысы, сiрә, бiздiң есебiмiз болар… Бұл көштiң барысы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романымда егжей-тегжейлi жазылған. Өз басым сол көштiң жоспарын жасап, бұйдасын ұстап келгенiмдi мәңгi мақтаныш етемiн. Менiң жазу­шылық еңбегiм, жазған том-том кiтап­тарым өз алдына. Ал 1962 жылғы көш – менiң азаматтық қызметiмнiң шырқау шыңы. Қазiр көре алмайтын, iштерi тар, мысық тiлеу бiреулер менiң көш бастаған еңбегiмдi жоққа шығарғысы келiп: "Ол – ашаршылықтан қашқан босқындардың көшi ғой. Жұмадiлов соны сырттай иемденiп жүр" деп пыш-пыш өсек тарататын көрiнедi", - дейді жазушы.

Жұмаділов пен Әуезовтің танысуы

1956 жылдары Қытай үкіметі Ресеймен саяси жақсы қарым-қатынаста болған кездері Совет одағының мемлекеттеріне елу үздік студентті жібереді. Солардың қатарында болған Қабдеш Жұмаділов Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түседі. Сол тұста шеттен қандасы келгенін біліп, Мұхтар Әуезов студент Қабдешті шақыртып алған екен. Ол сонау Қытайдан келген жерлесінің әңгімесін өз аузынан естімекші болыпты. Қабдеш ағаның сөзіне сенсек, Әуезовтен басқа бірде-бір жазушы көңіл бөліп, бұлар кім деп сұрамаған.

Әңгіме барысында Мұхтар Әуезов Қытайда қанша қазақ бар екенін, қалай өмір сүретіндерін сұраған.

"Қытайдағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігіне алаңдаушылық танытып, баспасөз саласы қалай жұмыс істейтінін, мектептің бар-жоқтығын білді. Тіпті ол жақтағы танымал жазушылар туралы сұрастырып, өзінің "Абай жолы" романымен шеттегі қазақтардың таныс екенін де естіп таң қалды", – дейді Қабдеш Жұмаділов.

Ары қарай "Абайтану" пәні бойынша дәріс оқыған Мұхтар Әуезовтің сабақтарына қалмай барған студент Қабдеш оған әбден бауыр басады. Қытай мемлекеті жіберген студенттерін кері қайтаруға бел буған кезде, Қабдеш Жұмаділов алдымен Әуезовпен қоштасуды жөн тапқан. Мұқаң оларға ара түседі ме, кері қайтармау қолынан келіп, алып қалса деген ой болған екен. Бірақ ол "шетелдің ісіне араласа алмаймыз, жіберуден басқа амалымыз жоқ қой" деп жұбату сөздерін айтыпты.

"Маған "Жазушы боламын деген адамға Құдай өзі осындай кедергілер береді, кейін қайтадан жолыңды ашады. Мүмкін ол жаққа өмірбаяныңды байытайын деп жіберіп жатқан шығар. Бастысы сен жасыма!" деп айтқан еді, Мұқаң", – деп еске алды Қабдеш Жұмаділов.

Осы жерден жолдары бөлінген қазақтың дарынды тұлғалары ендігі бір-бірін көрмеді. Кейін Әуезовтің қайтыс болғаны туралы естіп, айдауда жүрген Қабдеш Жұмаділовтің көңілі қатты босап, ағыл-тегіл жылаған.

Қытайға қайтып оралып, сүргінде жүрген Қабдеш Жұмаділов біраз қиыншылық көрген. Төрт жыл бойы ешқандай жағдай жоқ мекенде жер асты шахтасында қызмет атқарады. Өзінің сөзінше, тіпті алты ай бойы жуынуға мүмкіндік болмаған. Жарты жылдан кейін жуынған Қабдеш ағамыз үстіндегі кірінің бірталай уақытқа дейін кетпегенін айтады.

Тағы оқыңыз: Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы қызық деректер

Артынша Шәуешек қаласына жіберіліп, сол кезден бастап Қазақстан жеріне көшуді мақсат қойған Қабдеш Жұмаділов қалтасынан Қазақ ұлттық университетінің студенттік билеті мен сынақ кітапшасын тастамай жүрген. Кез келген кезде қазақтың жеріне қашып, ұлттық университетке келіп, қалған жылдарын тәмамдау еді оның арманы.

Алайда артында қалып қоятын қазақ жұртын ойлап, Совет одағына хаттар жолдай бастаған. Солай шекара ашылып, шеттегі қандастарымыздың елге оралуына үлкен еңбек сіңірген Қабдеш Жұмаділов Алматыға оралып, Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін аяқтауға мүмкіндік алған. Осылай өз жұртына берері мол болған белгілі тұлға еліне қызмет етуді жалғастырады.

1989 жылы жазушы арада отыз жыл өткенде Шыңжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.

Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары

Қабдеш Жұмаділов 1965 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде, 1967 жылы "Жазушы" баспасында, 1976 жылы Мемлекеттік баспалар комитетінде жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы "Жас дәурен" деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін Қабдеш Жұмаділов бірыңғай проза жазуға ойысқан. "Қаздар қайтып барады" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, "Көкейкесті" романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды.
Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" (1974–1981), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. "Соңғы көш" дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, "Тағдыр" романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Қос томды "Дарабоз" (1996) романы тарихи тақырыпқа, "Саржайлау", "Сәйгүліктер", "Бір қаланың тұрғындары", "Бір түп тораңғы" атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, "Қылкөпір" романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.

"Көкейкесті", "Соңғы көш", "Атамекен", "Дарабоз" романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде жарық көрді.

Біртүрлі әңгіме. Жазушының өз айтары бар

Тарихи романдардың шебері эротика жанрына да қалам тербеуі көпті таңғалдыруы мүмкін. Бірақ "Толғанайдың түні", "Әмбебап әйел", "Кәрілерге ем болатын дәрілер", "Тұл махаббат" деген әңгімелер жазған жазушының бұған айтар өз ойы бар.

"Бұл жерде менің көздегенім - оқырман көбейту емес. Жұмаділовті оқитындардың саны кеміген жоқ. Мен бұл тақырыпқа әдейі бардым. Мұндағы көздегенім – демография. "Ұлт саны қайткенде өседі" деген мәселе.

Арғы тарихқа көз салсақ, исі қазақ екі қатын алғанды ар көрмеген. Тіпті әмеңгерлікті де дұрыс жолға қоя білген. Себебі қазақтың өткен тарихына үңілер болсақ, бабаларымыздың өмірі жаугершілікпен өткенін көреміз.

Қазір екі әйел тұрмақ, бір әйелге шамасы келмей, қуаты кеміген еркектер көп. Бұл – трагедия. Бір Алматының өзінде жүз мыңнан астам кәрі қыз бар екен. Ал осылар ең құрмағанда тоқал болып тиіп, өмірге сәби әкеліп жатса, бұл үлкен өсім ғой. Балшықтан бала жасай алмай жатқан қазіргі заманда, әр баланың орны бөлек…", - деп түсіндіреді жазушылығының бұл арасын Жұмаділов.

Қабдеш Жұмаділовтің марапаттары

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1990 жылы Қабдеш Жұмаділов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1998 жылы 23 қазанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке "Қазақстанның халық жазушысы" деген құрметті атақ берілді.

"Парасат" орденінің иегері. Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы.

2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қабдеш Жұмаділді ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: «Ұлы көш тоқтауы тиіс емес»
– Келе жатқан мерейтойыңыз құтты бол­сын! Сексеннің сеңгіріне жетсеңіз де, қала­мыңызды тастамай, ой қуып, көкіректегіні сы­ғып, ақ қағазға түсіру кез-келген жазушының маң­дайына жазылмаған бақ.

Бұл жағынан кел­генде сіз тағдыр-талайыңызға риза шығарсыз. Дегенмен, артыңызға қарап «жаза алмай қал­дым-ау, айта алмай қалдым-ау» деп өкінетін кез­деріңіз бола ма? Неге үлгермедіңіз?

– Иә, жылдар зулап өтіп жатыр. Әні-міні де­генше сексенге келіппіз. Бұл жасқа екінің бірі келіп жатқан жоқ. Осы өміріме де ра­зы­мын. Бұл жасқа үлкен еңбекпен келдім. Жазу­шылар одағы қозғау салып, мамыр айында Ал­матыда үлкен мерейтойлық кеш өткізгелі жа­­тыр. Туған жерім – Шығыс Қазақстан. Сол жақ­тағы үш-төрт ауданның құрметті аза­ма­тымын. Олар да мені шақырып жатса, туған жер­ге барып қайтуға қарсы емеспін. Ал, қа­ламгер үшін жазатын нәрсе көп қой. Дегенмен мен осы жасыма дейін, ойыма алып, жазамын де­ген шығармамды жаздым. Өкінетін ештеңе жоқ. Мен екі империяны көрдім. Дәмін тат­тым. Шығармаларымның дені осы екі ел ор­та­сында болған оқиғалар. Мен арғы беттен «Тағдыр» романының, бірнеше кітапқа жүк болған «Соңғы көш» романының, «Атамекен» ро­манының материалдарын алып келдім. Қы­тайдан тек келген жоқпын, осындай қа­зы­наны арқалап келген жанмын. Бүгінге дейін он роман, жиырма бір повесть, жетпіс­тен астам әңгіме жазған адаммын. Әңгі­ме­лерімнің бәрі есте қалатын әңгімелер. Кіші­гі­рім дү­ниелер емес. Былайша айтқанда, әң­гі­мелерім повеске бергісіз, повестерім ро­ман­ға бергісіз. Өзегінде кесек ой жатқан, ір­гелі дүниелер.

– Қанша роман, повесть, әңгіме жазсаңыз да, бірде-бір рет пьеса жазбапсыз. Неге?

– Кезінде «Қабдеш аға, мына повестеріңіз ки­ноға сұранып тұр» деп Қазақфильм «Сәй­гү­лік» бастаған бірнеше повесімді сатып ал­ған. Келісім бердім. Ол сол Кеңес құлар тұс еді. Сценарий жазылып, әні-міні дегенше, Кеңес одағы ыдырап, бәрі жайына қалды. Тәуел­сіздік жылдары да «кейбір повестеріңізді қай­та сценарий етіп жазып берсеңіз, кино түсі­рейік» деген өтініштер болды. Бірақ рай та­нытпадым. Өйткені көңіліме қонатын ре­жиссер де жоқ. Жақсы дүние босқа қор бол­мақ. «Одан гөрі көркем дүние болып қала бер­гені жөн» деп шештім. «Шіркін-ай Қа­ра­керей Қабанбай батырға арналған «Да­рабоз» романы тұнып тұрған кино ғой. Неге түсір­мейсіздер?» дейтіндер көп. Біріншіден, ол ме­нің ырқымдағы дүние емес. Екіншіден, оған мемлекеттік қолдау керек. Кітаптағы оқи­ғаның өзегі он сегізінші ғасырдағы қазақ хан­дығының шынайы өмірі, сыртқы жаумен ар­палысы. Оны түсіру үшін үлкен дайындық, қо­мақты қаржы керек. Жылы сөз айтыл­ға­нымен, іске келгенде әлі ешкім тәуекел етіп бел байлап, кино етуге тырысып жатқан жоқ. Бәлкім оның да бір дөңгелеп уақыты келер. Жалпы, тек проза ғана емес, өлең де жазған адам­мын. Бірақ неге екенін қайдам, драмаға бар­маппын, пьеса жазбаппын. Сайып кел­генде, пьеса деген не, қырық-елу беттік дүние ғана. Өз қатарластарым сол салаға қалам сіл­теп жатқанда, мен де сол дүрмекпен жазып тас­тауыма да болар еді. Қолдан келмейтін дү­ние емес. Бірақ менің принципімде қосал­қы авторлыққа қарсымын. Жалпы, пьеса сені қосалқы автор болуға мәжбүрлейді. Режиссер сенің жазғаныңды оқиды, қосатынын қосады, кесетінін кеседі. Одан актер сөзіңді дұрыс жат­тай алса, жарады. Дұрыс айта алмаса, көр­кем сөзден мән кетеді. Мағына кетеді. Сүйтіп жұлым-жұлым бірдеңе шығады. Сәтті шықса, бір сәрі. Сәтсіз болса, жақсы дүниең бүлінеді. Көңі­лің құлазиды, атыңа кір келеді. Осы­лай­ша сенің жазғаның коллективтік еңбекке ай­налып кетеді. Коллективті қойып, екі адам бі­рігіп шығарма жазғанға қарсымын. Өйткені, ол екі әйелдің бірігіп, бір бала тапқаны се­кілді. Нағыз жазушы, нағыз суреткер біреумен бірігіп шығарма жазбайды. Менің драма жаз­байтыным, біреумен қосалқы автор бол­май­тындығым содан. Таза прозаикпын. Менің ұста­нымымда шығарма жазылмайды, туады. Бір рет қағазға түсіргенімді екінші мәрте өң­деп, қайтадан жазып көрген емеспін. Өйткені ол шығарма солай туды, солай қалу керек. Ол менің шығармашылық жолдағы дамуымның көрінісі болуы керек деп ойлаймын. Сонау 60-70-жылдардағы Жұмаділов қандай болды, қа­лай жазды, бүгінгі Жұмаділовтың қарымы қан­дай дегеннің таразысы ол.

– Ірі, күрделі тарихи тақырыптарды жазып жүрген қаламгердің эротикалық әңгімелерге ойысқаны қалай? Кітап оқитын кездің уақыты өтіп, оқырман азайған заманда, жұртты эро­тикамен қызықтырғыңыз келді ме?

– Бұл жерде менің көздегенім, оқырман кө­бейту емес. Жұмаділовты оқитындардың са­ны кеміген жоқ. Рас, қазір жұрт кітаптан гө­рі, ғаламторды көбірек қарайды. Бірақ ол оқырман азайды деген сөз емес. Жақсы шы­ғарма қашанда халыққа жетеді. «Толғанайдың түні», «Әмбебап әйел», «Кәрілерге ем болатын дәрілер», «Тұл махаббат» деген әңгімелер жаз­дым. Эротикаға әдейі бардым. Мұндағы көз­дегенім – демография. «Ұлт саны қайт­кен­де өседі» деген мәселе. Арғы тарихқа көз сал­сақ, исі қазақ екі қатын алғанды ар көрме­ген. Тіпті әмеңгерлікті де дұрыс жолға қоя біл­ген. Себебі қазақтың өткен тарихына үңі­лер болсақ, бабаларымыздың өмірі жау­гер­шілікпен өткенін көреміз. «Еркек тоқты құр­­бандық» дегендей, сол соғыстарда ерлер­дің саны үнемі азайып отырды. Ал, «олардың санын қалай көбейту керек?» деген түйткілді қазақ көп әйел алумен шешкен. Әмеңгерлік те сол. Әйел ерден кетсе де, елден кетпеген. Сол дәстүрді жақтаймын. Қазір екі әйел тұр­мақ, бір әйелге шамасы келмей, қуаты ке­мі­ген еркектер көп. Бұл – трагедия. Бір Ал­ма­тының өзінде жүз мыңнан астам кәрі қыз бар екен. Ал осылар ең құрмағанда тоқал болып тиіп, өмірге сәби әкеліп жатса, бұл үлкен өсім ғой. Балшықтан бала жасай алмай жатқан қазіргі заманда, әр баланың орны бөлек.

– Қазақстанның көп томдық тарихы қай­та жазылып жатқаны белгілі. Ол – жеке әңгіме. Ал көркем әдебиетте алаш баласының жүріп өт­кен қилы-кезеңі, тарихы қалай жазылуда?! Бір қызық жайт, қазір кейбір жазушы, ғалымдар Шыңғысхан Жетісуда, Іленің бойында туылған деген деректер айтып жүр. Бұған қандай уәж айтасыз?

– Тарих саясатпен байланысты. Тарих сая­сатқа бағынады. Саясатқа бағынды деген сөз билеуші топқа бағынды деген сөз. Сон­дық­тан Кеңес заманындағы тарихымыз бұр­ма­ланған тарих болды. Жавахарлал Нерудің сө­зі бар: «Отар елдің тарихын отарлаушы жа­зады» деген. Бізде дәл сол болды. Біздің тарих­ты орыстар жазды, не болмаса солардың айту-көрсетуімен Ресейдің ыңғайына орай­ластырып қазақ тарихшылары жазды. Еш­қан­дай нақтылық жоқ, бұрмаланған тарих болды да шықты. Соған қарап тұрсаң, бір кездері Қа­зақстан Ресейге өз еркімен қосылған бо­лып шығады. Сол қосылуды жақтап, қол қой­ған Әбілқайыр хан керемет көреген, да­нышпан болып дәріптеледі. Өйткені Ресейге қо­сылу арқылы біз Кеңес Одағының бір мү­шесі атандық. Одан кейін нұрлы болашақ-ком­мунизмге төте жолмен тарттық. Қой үстін­де бозторғай жұмыртқалаған, керемет заманда өмір сүрдік. Осының бәрі Әбілқайырдың кө­регенділігінің арқасы делінді. Ал Ресейге қосылуға қарсы болғандар, жат пиғылды, ойы бұзық, тек хандық дәуірді көксегендер болып айтылды. Меніңше, сол дәуірде де елімізде екі партия болған сияқты. Әрине, партия деп өзін айтып отырмын. Былайша айтқанда елдің бетке ұстарлары жікке бөлінген. Бірі Әбілқайыр бастаған бодандық партиясы, екіншісі, Абылайхан, Қабанбай батыр, Барақ сұлтан бастаған бостандық партиясы. Соң­ғыларының ойы, өзгеге бодан болу емес, тәуел­сіз ел, дербес мемлекет болу еді. Олар қол­дан келгенше, дербестікті сақтай отырып, Қытаймен де, Ресеймен де дипломатиялық қатынас ұстауға тырысты. Тепе-теңдікті сақ­тауға ұмтылды. «Кіші бауыр» болуға ты­рыс­пады. Содан болар Кеңес заманы тұсында үш жүз­дің басын қосқан, қазақ тарихында ерек­ше орын алатын Абылайды хан емес, сұлтан деп кемсітті. Әбілқайырдың басын алған Ба­рақ сұлтанды жамандады. Иісі қазақ әс­ке­рінің ұлы қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырды елемеуге тырысты. Ал осы дұрыс тарих па? Көрдіңіз бе, империя біздің тарихты өзгеше жазуға, өздеріне ыңғайлап жазуға ден қойдырды. Тарихты бір кісідей білетін адам ретінде бұл өте сорақы болып көрінді. Осы­ның бәрі жанымды жай таптырмай, «Шын тарихты неге жазбасқа?» деген ойға жетеледі. Содан болар ащы шындықтың қанын сор­ғалата отырып, тарихи дүние жазуға, яғни «Дарабоз» атты роман жазуға мәжбүр болдым. Өйткені халыққа өз тарихының қалай бол­ғанын қалайда дәлелдеу керек еді. Өтіріктің ең баттасып тұрған кезі он сегізінші ғасыр бол­ды. Ол кезде басты уақиға не, басты қаһар­мандар кім дегенде, оқиға мен белгілі тұл­ғалардың орны ауысып кетті. Нағыз өтірік осы жерде айтылды. Басты оқиға Қазақ­стан­ның Ресейге өз еркімен қосылуы, басты тұлға Әбілқайыр болды. «Дарабоз» арқылы басқа концепция ұсындым. Басты оқиға Қазақ­стан­ның Ресейге қосылуы емес, қазақ жерін жоң­ғар басқыншыларынан тазарту, азат ету еке­нін көрсеттім. Сол ұлт азаттық отан со­ғы­сының бас­ты тұлғасы хан Абылай, бас батыр Қа­бан­бай екенін дәлелдеп шықтым. Орысқа қазақ ешуақытта да өз еркімен қосылмаған. Әбіл­қайыр заманынан кейін де алаш жұрты өз еркіндігі үшін орыстармен талай соғысты. Тіпті он тоғызыншы ғасырдың өзінде оңтүстік жақ берілген жоқ. Тек Черняев зеңбіректің оғы­ның астына ала отырып көндірді. Демек қазақтың орысқа өз еркімен бағынуы жалған. Қазақ қашанда бостан болуды, азат болуды сүйген ел. Біз кешеге дейін тарихты кері оқып келдік. Ал қазір заман өзгерді. Тәуелсіз елміз. Сондықтан ащы да болса тарихты келер ұрпаққа дұрыс жеткізу парызымыз. Құдайға шүкір, қазір кезінде айтылмаған шындық айтылып жатыр. Тасқа басылып, қатталып жазылып жатыр. Елдің көзі ашылды. Бұрыс пен дұрысты таразылады. Тәубә! Қазір біз жоң­ғар заманынан өтіп, Шыңғысхан дәуірін зерттеуге көштік. Ұлы қаған ешқандай моң­ғол емес, таза түркі екенін дәлелдеуге тыры­сып жатырмыз. «Моңғолдың құпия тарихы», сол секілді Рашид ад-Диннің «Жылнамалар тарихы» секілді дүниелер кезінде дұрыс аударылмаған. Менің ше, әдейі аудармаған секілді. Осыдан келіп қателіктерге ұрындық. Шыңғысхан түрік. Ал осы «түрік» деген сөзді әдейі қоспаған. Сол тарихи дүниелерді қазір қытай тіліне жетік білетіндер қайтадан аударып жатыр. Шындық әлі айтылады. Оның бүкіл нояндары түркі тайпаларынан шыққандар, қайын жұрты, нағашы жұрты қоңырат. Тарихты жетік білетін Мұхтар Мағауин «Шыңғысхан және оның заманы» дейтін төрт томдық кітап жазды. Бар ащы шындық сонда көрсетілген. Өзге де зерттеу­шілер Шыңғысханның түрік екеніне көз жет­кізді. Солай деп көрсетуде. Кейбір импе­риялар тарапынан жүргізілген кезіндегі со­лақай саясат Шыңғысханды түрік емес, моңғол етіп көрсетуге тырысты. Өйткені ұлы қаған­ның түрік екенін мойындау, Шыңғыс­ханды түрік деп тану, сан-салалы түрік жұртын қайта көтеру, рухын оятып жіберу деп ұғып, одан қорықты. Енді қазір біз Ұлы қа­ғанды қалайда әлемге түрік екенін мойын­датуға күш салуымыз керек. Мәселе, оны қазақ деп, мына тұрған Түргенде, Жаркентте туған, сол жерде өсіп-өнген деген өтірікті айтпауымыз керек. Бұрхан-Халдун қайда, Жаркент қайда? Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам деген. Мәселе, Шыңғысханның қазақ болуында емес, мәселе оның «арғы атам ер түрік» деп кешегі алаш зиялылары жырла­ғанындай, түркі азаматы болуында. Біз осы жағынан келуіміз керек.

– 1962 жылы Қытайдан Қазақстанға өткен Ұлы көштің себепкері, қозғаушы күші – сізсіз. Оны біреу мойындар, біреу мойындамас. Ол әркімнің өз еркі. Өкінішке қарай, жарты ға­сырдан астам уақыт өтсе де, сол көшті зерттеп, неден туғанын саралап жатқан ешкім жоқ. Не­ге? Жалпы сіз «Шет елдегі қазақ – біздің алтын қорымыз» дейсіз. Осы алтын қордан түбі айрылып қалмаймыз ба?

– Амал не, қазақтың көшi-қон тарихын әлi күнге дейiн бiзде ешкiм зерттеген жоқ. Әсi­ресе, 1962 жылғы көш еш жерде айтылмай, жа­зылмай, жабулы күйiнде қалып келедi. Олай болатыны, Кеңес дәуiрiнде бұл оқиға айтуға болмайтын мемлекеттiк құпия сана­лады. Ал тәуелсiздiк жылдарында ұлт тағ­ды­рына қатысты мәселеге зиялылар тым селқос қарады. Жоқтан өзге ұсақ-тұяқ тақырыптарға кандидаттық, докторлық диссертация қорғағыш тарихшылар да осы бiр маңызды та­қырыпқа аттап басқан жоқ. Ал бұл iске менiң қандай қатысым барын бiлгiңiз келсе, сол оқиғаның басы-қасында болған жай қатардағы куәгер емес, 1962 жылғы көштi дайындаған, әрi соның бұйдасын ұстап келген адаммын. Тарихта үлкен оқиғалар кейде кiш­кентай идеядан бастау алады. Бұл жолы да солай болды. Онда менiң Қытайдағы саяси нау­қандарға байланысты, Алматыдағы оқуым­нан (1956-1958) қол үзiп, үш жылдай Үрiм­жiде бақылау астында жұмыс iстеп, өзiм­нiң туған қалам Шәуешекке келген бетiм бо­латын. Жоғарыға дүркiн-дүркiн арыз жа­зып жүрiп осыған қолым әрең жеткен. Он­дағы мақсат – шекараға жақын (небәрi он сегiз шақырым) Шәуешекке жетiп, одан ары Қазақстанға өту, үзiлiп қалған оқуымды қайта жал­ғастыру еді. Шекарадан өтсем, менi керi қай­тармайтынына сенiмiм кәмiл. Өйткенi, Қа­зақ университетiнiң студенттiк билетi мен екi жыл бойы баға қойылған «сынақ кiтап­ша­сы» костюмiмнiң iшкi қалтасында тығулы жүр едi. Соны көрсетсем, менiң шекара бұзған жан­сыз, не «шпион» еместiгiме шекарашылар сенедi деп ойлаймын. Анығын айтсам, 1961 жылы көктемде Шәуешекке келудегi басты мақ­сатым осы болатын. Ал атажұртқа көш бастап өту, сол көшке халықты дайындау идея­сы кейiн пайда болды. Мұндай өзгерiс енгiзген өмiрдiң өзi. Үрiмжiде ашаршылықтың дәмiн татып, көнек аурумен iсiп-кеуiп жат­қандарды өз көзiммен көрiп келгенмiн. Шәуе­ш­екке келсем, бұл аймақты да ашаршы­лық жайлап алған екен. 1958 жылы жаппай құрылған «Халық коммунасы» қалың жұрт­шы­лықты ортақ қазанға қаратып, жеке түтiн шығаруға тыйым салып, iшер ас, киер киiмге зар қып қойған кезi. Бұқара халық бұған наразы болып, аштық апатынан құтылудың амалын таппай, бастары қатып жүрген аса қиын кезең болатын. Осыдан бiр жыл бұрын Алтай аймағы коммунаға қарсы көтерiлiске шығып, олар қарулы әскер тарапынан күш­пен жанышталған. Ақыт қажының баласы Қалман бастаған алпыс адамды байлап-ма­тап, Үрiмжi түрмесiне әкелгенiн өз көзiммен көр­генмiн. Шеттерiнен мерген, Оспан батыр­дың ерлiк дәстүрiн әлi ұмыта қоймаған, жауын­гер Алтай керейлерi анадай халге ұшы­рағанда, Шәуешектiң отырықшы, әрi «оқы­мысты» жұрты ондай қайрат көрсете алмасы анық. Демек, бұл елге аштық апатынан құ­тылудың басқа жолын iздеу керек. Мiне, атажұртқа ел көшiру идеясы менiң басымда осылай туды. Жеке мақсат ендi ұлт мақсатына айналды. Қолымда «төменге түсiрiлдi» деген жолдау қағазым болғанымен, «идея қалтам» (қызметкердiң өз қолына берiлмей құпия ұсталатын жеке делосы) Үрiмжiден уақытында келмей, Шәуешекте үш айдай бос жүрдiм. Көңiлдегi мақсатты жүзеге асыруда, осы ай­ларды пайдаланып қалуға күш салдым. Бұл – қаладағы мұғалiмдер мен студенттердiң де жаздық каникулға шыққан бос кезi. Мен сияқты «төменге түсiп», әлi орныға алмай жүр­гендер қаншама. Алғашқы аптада-ақ Шәуешек жастары менiң маңайыма үйiрiле бастады. Олай болатыны, ол кезде жұртқа та­нымал, жас ақынмын. Оның үстiне Алма­тыда екi жыл оқып қайтқан, Мәскеудi көрген (1957 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзiлiк жастар мен студенттердiң 6-фестивалiне Со­ветте оқитын Қытай студенттерi атынан қатысқанмын) адаммын. Қайтсек ұлттық езгi­ден құтыламыз, атажұрт Қазақстанға қалай жетемiз деп, ұшарға қанат таппай жүр­ген жастардың менен сұрайтын ақыл-кеңес­терi көп-ақ. Мұндай мүмкiндiктi зая кетiрмей, алдағы көш туралы әңгiменi ашық айта бастадым. Кешке қарай қалалық саябаққа барамыз, ойын-тойға қатысамыз, мұнда да то­ластамайтын сол әңгiме. Жастар Алма­тыны сұрайды, Мәскеудi сұрайды. Қазақстан халқының тұрмысын, мәдениетiн бiлгiсi келедi. Өздерi аттарын естiген ақын-жазу­шыларды сұрайды. Тiптi асыра айтпағанның өзiнде, техникасы мен мәдениетi шығандап алға кеткен советтiк өмiр салты оларға ға­жайып ертегi сияқты әсер етедi. Әсiресе, Қа­зақ­стандағы тоқшылықты, жыл ара мил­лиард пұт астық алатынын естiгенде, ауыз­дарының суы құриды. Сонымен, Шәуешек халқы көшуге дайын деуге болады. Қала тұр­ғындары ғана емес, қырдағы ел де солай. Ала­қандарына түкiрiп, «құдайым алдағы көк­темдi қолға бере ме, жоқ па» деп, асыға күтiп отыр. Бiрақ бұл жеткiлiксiз. Ендi алдағы көш­ке Совет одағын дайындау керек. Артынып-тар­тынып, шұбырып жетiп барғанда, шекара­шылар халықты өткiзбесе, не алдыңнан оқ бо­ратып, қырып салса не болмақ. Ендеше, олар­дан алдын ала баспана сұрап, босқындар кө­шiн бөгетсiз қабылдайтын ету керек. Осы ой­мен, бiз сол жылы күз айларында Мәскеуге жүз­деген адамның қолын қойдырып, ондаған хат жолдадық. Адрес белгiлi: «Мәскеу. Кремль. КПСС Орталық Комитетiнiң бас сек­ре­тары Н.Хрущев жолдасқа», немесе «Жоғарғы Совет Президиумының төрағасы К.Ворошилов жолдасқа» деймiз де, конверт сыртына бағалы маркiлер жапсыртып, ай­рықша заказбен жiберемiз. Кейде ол хаттар­дың көшiрмесiн Қазақстан Ком­пар­тия­сының бiрiншi хатшысы Д.Қонаевқа жiбе­рiп отыр­дық. Мен Мәскеуге жолданатын хат­тардың бiр­неше нұсқасын дайындағам. Он­да Шың­жаң қазақтарының бұл өлкеге қо­ныс­тану тарихы, жалпы қазақтың атажұрты – Қа­зақ­стан екенi қысқаша баяндалған. Сон­дай-ақ, қазiр Шыңжаңдағы қазақ ұлтының Қы­тай шовинистерi тарапынан саяси, эко­но­микалық, құқықтық езгiге ұшырап отыр­ғаны, қазiр ел iшiн аштық жайлағаны айтыл­ған. Одан ары «Совет Одағы – дүниедегi езiл­ген халықтардың жанашыр досы екенi, Шың­жаң қазағына атажұртқа көшуден басқа еш амалдың қалмағаны айтылып, егер алдағы көктемде көшiп бара қалсақ, бiзге баспана бе­рiлуiн сұрағанбыз». Кереметi сол, Кремльге жаз­ған хаттарымыздың «тапсырып алдық» деп мөр басылған түбiртегi келiп отырды. Бұл жағдай бiздi одан ары жiгерлендiре түстi.Қараша айында Шәуешекке Құлжадағы Совет консулының орынбасары келдi (бұл кезде Шәуешектегi Консулдық жабылып қалған). Ол жұртшылықтың тiлегi бойынша, көп адамдарды кезекпен қабылдады. Қа­был­дауда мен де болдым. «Ал халық ше? Шәуешек халқы алдағы көктемде атажұртқа көшемiз деп белсенiп отыр. Олардың жағдайы не бо­лады?» дедiм консулдың ау-жайын түйгiм келiп. «Осында келгелi осындай тiлектi көп ес­тiдiм. Мұны мiндеттi түрде жоғарыға жет­кi­зем. Айналып келгенде көшу мәселесiн ха­лықтың өзi шешедi» дедi ол. Арадағы әң­гiмеден өзiмнiң дұрыс бағытта екенiмдi түсiндiм. Күткенiмiздей-ақ, 1962 жылдың сәуiр айында көш басталып кеттi. Алдымен осы оқиғаны тықырши күткен қала жастары мен шекараға таяу ауылдар өттi. Олардың «балдай батып» кеткенiн көрген соң, алыс ауылдар мен аудандар қозғала бастады. Ол кез­де, келiсiм бойынша, шекараны Совет сол­даты ғана күзететiн. Қытай жағы әлi ше­кара күзетiн қолға ала қоймаған. Несiн айта­сың, Совет Одағы жүз елу шақырымға созыл­ған Тарбағатай шекарасын бес жерден ашып тастады. Жаманты, Бақты, Ергейтi, Емiл, Шағантоғай заставалары бiр шақырымға дейiн шекара сымдарын жинап тастап, аттылы, арбалы, түйелi көштердi күндiз-түнi қабылдады-ау! Не керек, айналасы жиырма-шақты күнде Шәуешек шаһары түгелiмен (қалада жүз мыңға жуық қазақ тұратын), қа­лаға қарасты аудан халқы, Шағантоғай ауда­ны, Шәуешектегi дүмпудi естiп қозғалған То­лы мен Дөрбiлжiн ауданының бiр бөлiмi ше­карадан өте шықты. Егер Қытай өкiметi әлсiн-әлi нота тапсырып, бiрiншi мамырда шекара жабылып қалмағанда, көш аймақтағы жетi ауданға түгел тұтасар едi. Соның өзiнде 200 мыңнан астам адам шекарадан өтiп үл­гердi. Әрине, ресми құжаттарда бұл сан ке­мiтiп көрсетiлдi. Дұрысы, сiрә, бiздiң есебiмiз болар… Бұл көштiң барысы «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романымда егжей-тегжейлi жазылған. Өз басым сол көштiң жоспарын жасап, бұйдасын ұстап келгенiмдi мәңгi мақтаныш етемiн. Менiң жазу­шылық еңбегiм, жазған том-том кiтап­тарым өз алдына. Ал 1962 жылғы көш – менiң азаматтық қызметiмнiң шырқау шыңы. Қазiр көре алмайтын, iштерi тар, мысық тiлеулi бiреулер менiң көш бастаған еңбегiмдi жоққа шығарғысы келiп: «Ол – ашаршылықтан қашқан босқындардың көшi ғой. Жұмадiлов соны сырттай иемденiп жүр» деп пыш-пыш өсек тарататын көрiнедi. Ондайлардан мы­наны сұрау керек: «Иә, ол жылдар Қытайда аштық болғаны рас. Ондай аштық апатына қазақтар тұратын Алтай аймағы да, Құлжа аймағы да ұшырады ғой. Жерлерi шекараға тиiп тұрғанына қарамай, ол аймақтардың халқы неге қозғалмай отырып қалды? Көк­темгi көкөзек шақта Шәуешек халқын дүр көтерген қандай күш? Көш бастаған серке кiм?» Ал менiң Мәскеу мен Алматыға ел аты­нан хат жолдағаныма күмән келтiрушiлер та­былса, ол хаттар Орталық Комитеттiң мұра­ғатында сақтаулы. Ақтарып көрулерiне бола­ды. Иә, жоғарыда айтқанымыздай, 1962 жыл­ғы ұлы көшке биыл – 54 жыл. Оның ұлы бо­латыны, қылышынан қан тамған импе­риялар шекарасын қақырата бұзып өтуiнде. Ол да ұлт рухының тасыған бiр жылы болар. Онда бiздiң де жас кезiмiз. Арман жоқ, ойхой жиырма бесiмiзде көш бастап, қамал бұзып­пыз! Ол көш те ерiккеннен емес, ұлт қамын күйттеуден туған. Бүгінде сол 200 мың адам өсіп-өне келе миллионнан асқаны белгілі. Ел­ге ел қосылса құт деген осы. Қазір тәуел­сіздік ал­ғаннан бергі ширек ғасырда сырттан мил­лионға тақау қандастарымыз келіпті. 25 жыл­да. Ал 1962 жылы 20 күн ішінде 200 мың х­алық дүр көтеріліп, шекара асты. Мұны Ұлы көш демей, не дейміз?! Еліміз қандай жағ­дайда өмір сүрмесін, сырттағы қандас­тары­мызға қашанда есік ашып қоюы керек. Көш тоқ­тауға тиіс емес. Исі қазақтың бір ғана Ота­ны бар. Ол – Қазақстан.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескендер

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ,

Толғанай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

aikyn.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Атақты жазушы Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтты
Қазақстан президенті Қабдеш Жұмаділді ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділ ширек ғасыр бұрын Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтып, мақтанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Ақордада дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елге еңбегі сіңген бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президенттің қолынан сыйлық алғандар қатарында жазушы Қабдеш Жұмаділ де бар. Оған ІІ дәрежелі "Барыс" ордені табысталды.
©                 "Қазір ауыздан-ауызға тараған "Нұрсұлтан салған нұрлы жол" деген сөз бар. Осы сөзді осыдан ширек ғасыр бұрын, 1993 жылы алғаш рет мен айналымға енгізген едім. Мұнымен мақтануыма болады. Сол сөзді айтқаныма ризамын. Сол сәуегейлігіме ризамын", — деді жазушы.
Жұмаділ Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" аясында жазған мақалалары жазушылар мен тарихшыларға кең өріс ашқанын атап өтті.
"Қазір үлкен-үлкен жұмыстар басталып кетті. Біраз жыл тоқырауға ұшыраған Жазушылар одағына биыл құрылтайдан кейін жан бітті. Үлкен бастама көтеріліп жатыр. Келесі жылы бүкіл Азия жазушыларының конференциясын өткізбек. Осының бәрі сіздің шарапатыңыз, сіздің арқаңыз", — деп ризашылығын білдірді ол.

Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романында бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі
Қазақ әдебиетіне 1960 жылдары келіп қосылған бір шоғыр таланттың ішінде бүкіл қазаққа танылған тұлға – Қабдеш Жұмаділов те болатын. Өзі қатарластарынан біршама ерекшеленетін. Бұл ерекшелік оның өмір жолында ғана емес, шығармаларынан да көрініп тұратын. Алғашқы қадамын поэзиядан бастап, шағын жанр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған. Қабдеш Жұмаділовтың көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы – Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман.

Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді. Романдағы басты оқиға орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі болса, оның сыртында қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйрену, қытайлықтардың қамал-қорған тұрғызулары секілді тарихи маңызы зор оқиғалар да орын алған. Жазушы шығармашылығынан қазақ өмірінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрпының алар орны мол.

Сондай-ақ, роман мазмұнын ашып, авторлық идеяны жеткізуде бұл баяндаулардың алар орны да айтулы болмақ. Қабдеш Жұмаділов романдары күшті характерлермен, сюжеттік-композициялық бітімімен  дараланады. Жазушының «Соңғы көш» романынан кейін жазған «Тағдыр» туындысы да Шығыс Түркістан тақырыбында жазылған. «Соңғы көш» пен «Тағдыр» романдарында ортақ мәселелер бар. Біріншіден, екі шығармадағы оқиғалардың өткен орны – Шығыс Түркістан аймағы. Екіншіден, екі романды да сабақтастырып тұрған бейнелер – Сымайыл, Күдері, Қанағат би, Естай. Роман мазмұнына қысқаша тоқталып өтсек, «Тағдыр» романына арқау болған – Еженхан мен Ақпатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселесі, шегара бөлінгеннен кейінгі халық тағдыры. Романда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы уақыт қамтылған, яғни «Соңғы көштегі» Қанағат бидің әкесі – Күдері мен атасы Сымайылдың өмір сүрген дәуірі бейнеленген. Роман сюжетіне арқау болған оқиға – Ресей мен Қытай сияқты екі империяның ортасында өмір сүрген аз санды қазақ елінің ауыр тағдыры.

Екі мемлекет арасындағы шегара бөлісу мәселесі романның «Жол торабы» бөлімінде ғана көрініс тапқан. Қалған бөлімдерінде осы оқиғадан кейінгі ел ішіндегі жағдай, шегара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері, соған қатысты қоғамда болған өзгерістер, қазақ пен қытай арасындағы қарым-қатынастар, т.б. мәселелер суреттелген. Әр мемлекет өзінің территориясын айқындап, шегара бағандарын орнату кезінде жергілікті халық тарапынан үлкен наразылық туады, бірақ ол көтеріліске ұлғаймайды.

Автор сынға алатын мінез ерекшеліктері кейде – қазақшылық болып жалпылама атауға иелік етіп те жүр. Жазушының символикалық мәнге аса назар аударатындығын «Соңғы көш» романынан да байқаған болатынбыз. Бұл «Тағдыр» романында да айқын аңғарылады. «Романның ұзын-ырғасына сүйенсек, алғашқы бөлімде қалың қазақтың, іргесі іріп, қанаты қайырылып, қабырғасы сөгілген сергелдең жұрттың шылбыр үзіп шыға алмастай шегара шеңберіне түсуі – бастау да, итке тастаған сүйектей үкірдайлыққа таласып, маңдайына басқан азаматы Демежанның түбіне жетуі – түйін. Бүкіл бір қауым елдің етекке толған көз жасы, қайғы-зар, бір күндік қуаныш тойы осы бастау мен түйіннің арасында тұйықталған шекара шеңберінің ішінде өтеді». «Тағдыр» романы тек шекара бөлісі ғана емес, тұтас ұлт тағдыры екендігін жоғарыда айттық. Ондағы тарихи деректіліктің өзі ұлт болмысын ашуға қызмет ететіндігіне де, қазақты танытуға септігін тигізетіндігіне де баса назар аударғымыз келеді. «Тағдыр» романындағы тарихи деректілік туралы сөзімізді әдебиеттанушы ғалым Шериаздан Елеукеновтың роман жайындағы сөзімен түйіндесек: «Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік  өреге көтерген роман.

Ол – қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің» – дейді.

Massaget.kz сайтына гиперсілтеме

Қабдеш Жұмаділов: С. Мұқановтың еңбегін өзі арқа сүйеген Совет өкіметі жеп кетті…
Ал Мұхаң, «құлды бәрекелді өлтіреді» деп, мақтауға түсіп қалды…

Кейде мемуарлық шығарма көркем шығармадан да қызық оқылады. Әсіресе, қазіргі заман естеліктер мен мемуардың заманы болып тұр. Қаламгердің де оң жамбасына келеді, оқырманға да оқуға жеңіл. Ел білетін көптеген көркем шығармалар ұмытылып қалып жатқанда, мемуарлық шығармалар жұрт аузында жүргеніне өзіміз куәміз. Бұрын көрген-баққанымыз Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» еді, соңғы он-он бес жылдың көлемінде Мағауиннің «Мені», Жұмаділовтің «Таңғажайып дүниесі», Ысқақовтың «Келмес күндер елесі», әрқайсысы кірпіштей-кірпіштей кітап болып қолымызға тиді. «Мен» әдеби ортада үлкен дүмпу тудырды, «Таңғажайып дүние» біраз таласқа бастады, «Келмес күндер елесі» әлден «кержақтанып» тұр. Тәтті естеліктерге де толы, ащы әжуадан да кенде емес. Осылардың ішіндегі  Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романы қалғандарына қарағанда тағдырлы шығарма сияқты көрінді.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: «Таңғажайып дүниенің» жарық көргеніне біраз болды. Бірақ бұл кітап жөніндегі әңгіме әлі бар. Оның үстіне, сіздің ақпарат көздерінде жарияланып жатқан естеліктеріңіз де бұл әңгімені оқырманға ұмыттырмай жүр. Өзі «Таңғажайып дүниені» жазу идеясы сізге қалай келіп еді?

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Менде кейін өмірбаянымды қағазға түсіремін ғой деген ой болатын. Бірақ, жуық арада жаза қоямын деп ойламаған едім. 1996 жылы 60 жасқа келдім. Алматыда тойланды, одан кейін Семей өңірінде тойланып, содан Үржарға, Мақаншыға барып, тура шекараның түбінде үлкен мереке өтті. Шекараның бойында Ақшоқы деген совхоз бар. Сол Ақшоқының бір кезеңіне шықсаңыз, шекараның арғы жағы самаладай жарқырап көрініп тұр. Қасымда көп адам бар. Профессор Шериаздан Елеукенов, әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғалиев, тағы да басқа белгілі адамдар бар. Ақшоқыға шығып, «Соңғы көште», «Тағдырда» жазылған өңірді бергі беттен нұсқап көрсетіп тұрмын. «Анау Тарбағатай тауының биігі саналатын Етікшінің шыңы,  оның бергі жағында жатқан мынау  жер Абдыра аңғары, ал мынау Қараүңгір аңғары, анау шығыста мұнартып тұрған Орқасқа биіктіктері» деп таныстырамын ғой енді. Сол жерде отырып көпшіліктің қолпаштауымен бір ой келді. Рымғали реті келсе менімен қалжыңдасып ойнай береді. Жасы кіші болғанменен, біздің елге күйеулігі бар, соны алға салады. «Жұмаділов қу ғой, жерін көрсетпеу үшін бергі жағына шекара сымын тартқызып қойған», – деді. Талайлы тағдырды бастан өткерген адамның жанына батады, әрине. Қалжың өз алдына, сол кезде бір ой келді, иә. «Қой, мен ғұмырнамалық шығарма жазуым керек. Өмірдеген мынау – шашылып жатыр. Балалық шақтың жартысы шекараның арғы жағында өтті. Енді қалған жартысы мына жақта жатыр. Жүрісім шимай-шимай. Ол жақтан бұл жаққа оқуға келіп, екі-үш жыл тұрып, қайта кеттім. Ол жақта төрт-бес жыл жүріп, қайта оралдым. Кейін осының бәрін кім зерттейді? Менің жүрген ізіммен кім жүреді? Тіпті сондай жанкешті біреу табылғанның өзінде, мен бастан кешкен жайларды оған кім айтып береді? Мен бастан кешкен сезімдерді кім әңгімелеп береді? «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деп Қасым айтпақшы, осыны өзім қағазға түсіріп кетуім керек қой. Осы мерейтой өткен соң, жақсылап жазуға отырамын ғой» деп, Ақшоқының кезеңінде байламға келдім. Шынын айтсам, бұл маған қажеттіліктен туды. Арғы жақта көрген қуғын-сүргін, бергі жақта көрген жақсылық, жамандық, жақсылардан көрген шарапат, жамандардан көрген кесапатты қағаз бетіне түсіруім керек деп ойладым да, сол 1996 жылы күзде келіп, үстелге отырдым.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Қарап отырсам, кітаптың атының өзі қызық. Мемуарлық шығармадан гөрі көркем шығарманың атына келеді. «Бальзактың өмірбаяны» деп жатушы еді жұрттар, мысалы. Мазмұнына қарап отырсам да, «Ұшқан ұя», «Қыран қия», «Алматы аспанында», «Жайылған тор», «Қанат талды», «Түлеу», «Самғау», «Тоят немесе эпилог орнына» деп, бөліп-бөліп атапсыз. Әуезовтің «Абай жолындағы» тақырыптар сияқты дегенім ғой.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Дұрыс айтасың. Мемуарға да образ керек. Бір қыранның ұядан ұшқанынан тоят алып, қонғанына дейінгі, яғни екі ортадағы образы ғой. Бір журналист: «Осы Мұхтар Мағауин мемуар жазыпты. Сіз де жаздыңыз. Екеуінің айырмашылығы не?» деп сұрақ қойды өткенде. Мен Мұхтарды жақсы көремін және жоғары бағалаймын, оны білесіңдер. Айырмашылығы – Мұхтар мемуардың атын «Мен» деп қойды, өзі туралы ол. Мен «Таңғажайып дүние» деп атадым. Мен өзімді қоршаған дүние туралы жазамын. Көзімді ашқаннан бері көрген нәрселерді жазамын. Төрт жасымда есім кіріпті өзі. Сол төрт жасымнан алпыс жасқа дейін көрген-білгенімді осы кітапқа сығымдап сыйғыздым. Дүниенің өзі таңғажайып қой. Сондықтан атын солай қойдым.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Әркімнің өзінің бір стихиясы болады, оқырмандардың да. Ойлап жүретін, қызығып жүретін бір тақырыптары болады. Мысалы, менің өз басымда Оспан батырға деген бір қызығушылық бар. Осы кісіге қатысты бір жерден дерек шыға қалса, қызығып оқимын. Кезінде Оспан батырға қатысты бір үлкен шығарманың жариялануына себепкер де болдым. «Таңғажайып дүниені» қолға алған кезде,  Оспан батырды іздедім де отырдым. Сол кезең, сол уақыт, сол заманның сабақтасқан жалғасы. Сөйтсем Оспан батыр туралы сараңдау жазылған екен. Неліктен?

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Мұның да дұрыс сұрақ. «Соңғы көш» бұдан бірінші жазылды. Соның алғашқы томында Оспан кеңінен суреттеледі. Сол «Соңғы көште» Нартай батыр деген кейіпкер бар. Ол соңында Оспан батырға барып қосылады. Уақиға Алтайда болып жатыр, ал мен Шәуешектемін. Екеуі екі аймақ, екі облыс қой. Сондықтан мен Оспанның оқиғасына Нартай арқылы терезе аштым. Нартай барып Оспанмен бірге соғысады, ақырында Оспан құлдырауға ұшырайды. Мұны Оспанның өзі де сезіп, «сен маған үлкен үлес қостың, Тарбағатайдан келіп ең, еліңе қайт» деп қайтарып жібереді. Жалпы, мемуарды жазғанда мынандай принцип ұстанған едім: көркем шығармада орын бірлігі, уақыт бірлігі, оқиға бірлігі деген классикалық принциптер сақталуы керек. Бірде Алтайға, бірде Тарбағатайға ұшып-қонып, ауыса беруге болмайды деп есептеймін. Оспанды Нартай арқылы көрсетіп отырдым. Оспан туралы алдыңғы жылы «Көкжал» деген повесть те жаздым. Оспанның қолға түскен үш айдағы, сосын атылғанға дейінгі кезі қамтылып суреттелді.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Тағдырластық деген бар ғой. Шығыс Түркістандағы зиялылар тегіс тағдырлас. Ерекше оқиғалар бәріне ортақ. Қай жағында, қай шетінде болса да бір-біріне тікелей әсер етпей қоймайды. Соның сүйектісі деп, айырплан апатынан қазаға ұшыраған зиялылар туралы да білгім келген, бірдеңе іздегем. Оны да таппадым.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Сол кісілердің өлімі әлі күнге дейін жұмбақ. Апат қалай, кімнен болды деген сұрақтың бүгінге дейін басы ашылған жоқ. Ал былайша болжамдар, байламдар бар. Негізінен ашылған жоқ. Ал басы ашылмаған нәрселер туралы жазу қиындау. Өзім фактілерге сүйенемін. Мына ғұмырнамалық мемуарда факт бірінші орынға шығады. Фантазия, жазушының қиялы шегінеді. Ол сол фактілерге қызмет етеді. Оспанды неге кірістірмедің дегеніңе айтарым, мемуарда автордың маңайына көгенделу керек қой. Өзі басынан кешпеген, өзі көрмеген нәрсені автор мемуарға кіргізе алмайды. Мысалы, Қадыр Мырза Әлидің «Иірім» дейтін шығармасы бар, ел қызығып оқиды. Оны біреулер мемуар деп жүр. Негізі ол мемуар емес, өйткені, оның бәрі Қадырдың басынан өткен жоқ. Естіген, білген, жазушылардың ортасында болған жағдайлар, кейде өсек-аяң да кірісіп кетеді ішіне, анау-мынау… Бірақ, ол мемуар болу үшін Қадырдың өзі араласуы керек. Менің ұстанған принципім осы. Мына мемуарда мен араласпаған, маған қатысы жоқ оқиға жоқ. Сол үшін де ол мемуар деп ойлаймын.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Қабдеш аға, сұхбатымыздың басында кітабыңыздан таба алмадым деп, бір-екі нәрсені айтып кеттім. Бірақ, мен өзімді қатты қызықтырған Қажығұмар Шабданұлына қатысты көптеген қызықты деректер таптым. Басқалардың барлығы аман құтылып кетіп жатқан кезде, бұл кісі сіздің жазғаныңыздай «рекорд» жасап, 40 жылдай неге түрмеде отырған? «Оның себебі неде?» деген сұраққа жауапты осы жерде таптым. Сіздің айналаңыздағы адамдардың айтуымен де, өзіңіздің жазуыңызбен де «ол бірбеткей еді, айтқанынан қайтпайтын еді, басқалар сияқты «жаздым, жаңылдым» дегенді де айта алмайтын еді» дегенді келтіріпсіз. Қажығұмар Шабданұлымен де осы мемуарлық шығарма толығып отырған сияқты.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Осы жөнінде маған бір ой туып отыр. Біздің қазақ әдебиетінде мемуар жанры онша дамымаған. Сирек. Сәбит Мұқанов бастаған, Ғабиден ақсақалдың «Көз көрген» деген кітабы бар. Мүсіреповтің өзі де ештеңе жазған жоқ. Балалардың қалай сүндеттелгені туралы күлкілі өмірбаяндық әңгімесі бар. Қалихан жазып жүр екен деп жігіттер айтып жүр. Осындай сирек енді. Бұл неге сирек деп ойлайсыз? Өмірбаянды арқау етіп жазу үшін өмірбаян бай болу керек. Сосын ол ғибратты өмірбаян болу керек. Қазір жұрттың бәрінің өмірбаяны стандарт – ұқсас. Ауылда туады, оқиды. Қалаға оқуға келеді, оқиды, қызметке шығады, осы маңайда жүреді. Мұның бәрі бірін-бірі қайталайтын нәрселер. Жұрттың бәрі мемуарға бара бермейтіні содан. Бұл бірінші шарты. Екіншіден, мемуар деректі шығарма ғой. Фантазия, қиял, анау-мынаудың бәрі екінші орынға ысырылады-дағы, бірінші орынға фактілер шығады. Сосын мемуар болғаннан кейін шындық болу керек. «Анау бүйтіпті, мынау сөйтіпті» деген болжалды нәрселер мемуарға кіре алмайды. Солай деп ұғам. Ал Совет өкіметінде шындықты айту оңай болған жоқ. Тікелей жамандықты да, жақсылықты да айтып, өзінің қарсыласын көрсетіп беру қиын болды. Сәбит Мұқанов кімге арқа сүйеді? Совет өкіметіне арқа сүйеді, партияға арқа сүйеді. Ол кезде Сәбеңе сөгіс жоқ. Совет өкіметі құлайды-ау, өзгереді-ау деген күмән жоқ. Алатау орнынан қозғалса қозғалар, бірақ Совет өкіметі мен Коммунистік партия орнынан қозғалады деп ешкім ойлаған жоқ. Соның ішінде Сәбең. Сәбеңнің батыл болатын себебі, советтік саясатқа сүйене отырып, көп нәрсені жазды. Бірақ, Сәбеңнің ескермеген бір нәрсесі бар екен. Кейінгі ұрпақ қалай ұғатынын, «осы дүние осы бетімен тұра ма, қалай» дегенді ескермеген. Бір жерде айтқаным бар еді, кейінгі кездері өзімнен өзім цитата алатын болып жүрмін: «Сен қорықсаң басқадан қорықпа, қағазға түскен өз сөзіңнен қорық» деген. Сол алдыңнан шығады екен ғой. Сәбең бір кезде мақтанып айтқан фактілер Сәбеңнің өзіне мін болып тағылды, міне. Сәбең «Өмір мектебінде»: «Ахмет Байтұрсыновтың 1923 жылы Орынборда 50 жылдық мерейтойы өтіп жатқанда біз шіріген картоп лақтырып, жұмыртқа лақтырып өткізбей тастадық», – дейді. Мағжанға да қатысты өстіп айтады. Сосын Алаш қайраткерлерімен қалай алысқанын, оларды қалай жеңгенін айтады. Әрине, Сәбит Мұқанов жеңеді. Өйткені, артында Совет өкіметі тіреп тұр. Сөйтіп өзінің ерлігін айтамын деп, Совет өкіметіне сіңірген еңбегін айтамын деп, дәл Сәбиттей Совет өкіметіне еңбек сіңірген жазушы жоқ. «Мен сенің өгізіңмін өрге шегер» дейтін өлеңі бар. Совет өкіметіне шын сенген адам. Сәбең 70-ке келгенде мен жиналысқа қатысып отырдым. Елдің бәріне Алтын жұлдыз тағып жатты. Президиумның указын Имашов оқыды. Сонда немен наградталатынын өздері білмейді. «Совет өкіметіне сіңірген еңбегі үшін, бәлен үшін, түген үшін наградталады» деген кезде Сәбеңнің өзі де еңсесін көтеріп тыңдап қалды. «Ленин орденімен наградталады» деген кезде шөгіп кетті. Міне, Сәбеңнің өмірін қысқартып жіберген сәт осы еді. Сәбең 60 жасында да Ленин орденін алған, жаңалық емес. 70-ке келіп отырғанда неге бермеске? Тойында бірнеше герой отыр. Әркімдерді біреулер кінәлі ғып қояды. «Әйтіпті, бүйтіпті» дейді. Ол жағына мен бармаймын. Сөйтіп Совет өкіметі Сәбеңнің еңбегін жеп кетті, менің ойымша. Мемуардың аз болатын себебі осылай. Біріншіден, шындықты айту керек. Оны айту екінің бірінің қолынан келмейді. Екіншіден, өмірбаян бай әрі ғибратты болу керек.

Жаңа Қажығұмар туралы айтып қалдың. Мен Қажығұмармен он күн ғана бірге болғанмын. Ол кезде гимназияда 10-кластың оқушысымын. Ол кісі Шәуешекке келді. Жасы отызда. Танылған жазушы, бірнеше повесі, поэмасы, дастандары шыққан. Және «Шұғыла» журналының бас редакторы. Шұрқырасып, таныса кеттік. Сондағы әдебиеттің кереметін қара. Менің өлеңдерім, бірер әңгімем жарияланған болатын. Сонда мені танып тұр. «Сені үлкендеу біреу ме десем, мұртың да тебендемеген бала екенсің ғой», – деп таңғалды. Мен қасына еріп жүрдім. «Сен менімен бірге бол» деп жібермейді. Оқу басталайын деп қалған, ауылға қайтуым керек. Сөйтіп, Қажекеңмен қоштасып, ауылға кеттім. Бастан-аяқ көргенім осы. Ал кейін 1958 жылы бізді Алматыдан алып барып, басымызға бұлт үйіріліп кеткенде, ол кісіге жолығу қиын болды. «Ұлтшыл», «оңшыл» деген неше түрлі «қалпақты» бастарына киіп, қатал күзет астында отырды. Тарымға айдалар алдында. Маңайына жолай алмасақ та, сол кісілердің зардабы бізге тиді. «Сіздер Қазақстанға оқуға бара жатқанда ұлтшылдар қандай тапсырма берді? Жағда Бабалық қандай тапсырма берді? Қажығұмар Шабданұлы қандай тапсырма берді?» – деп сұрақ қойды. Сөйтсек қазақ ұлтшылдарының екі көсемі бар екен. Әкімшілік жағынан Жағда Бабалық, рухани, әдеби, мәдени жағынан Қажығұмар Шабданұлы. Сонымен сол кісілердің шәкірті болып шықтық, қысқасы. Өз басым ол кісіге қатты еліктегенмін, өзімнің ұстазым деп есептеймін. 20 жыл Тарымда айдауда болды, қайтып келгеннен кейін 15 жылға сотталды. Арасында 2-3 жылдан сотталғаны бар. Жалпы есептегенде 40 жылдың бойына шығады. Кейін түрмеден шыққан соң хат жазысып тұрдық. Алты томнан тұратын «Қылмыс» романына алғысөз жаздым, шығарыстым. Арабшадан кириллицаға көшірдік, бастырттық дегендей… Өстіп Қажекеңнің қарызынан құтылсам деп едім. Екі рет хат жазды. «Жасым сексеннен асып кетті. Елге жетсем-ай. Маған сол жақтан топырақ бұйырса. 10 томның үстінде дүнием бар. Бәрін қаттап, көшіріп қойдым. Ұрпақтарға жетсе деп ем» деп, армандаған күйі Шәуешекте қайтыс болды. Елге әкеле алмадық.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Осы кітапта өткен ғасырдағы екі ұлы жазушымыз бар – біреуі Мұхтар Әуезов, біреуі Қажығұмар Шабданұлы. Осы екі жазушымыз туралы толыққанды деп айтуға болатын пікірлер бар екен. Образдары толық ашылған сияқты. Қанша деректі, қанша мемуарлы шығарма десек те… Мысал үшін, Алматыға арғы беттен келіп, оқып жүрген кездеріңізде Мұхтар Әуезовтің лекцияларын қалай тыңдағаныңыз, оның айналасы, болмыс-бітімі, сөзге шешендігі, адамдармен қарым-қатынасы, тіптен өмірлік ұстанған саясаты жақсы көрінген екен. Қарап отырып екі жазушының өмірінен сабақ алуға болады, ғибрат деп айтып қалдыңыз ғой, ғибрат алуға болады. Мұхтар Әуезовтің болмысын суреттегеніңізге дейін оқып шықтым. Қатарларыңызда жүрген бір студент: «Мұхтар Әуезовті артынан қарасақ еңкіш болып бара жатыр, алдынан қарасақ шалқайып кетіп бара жатыр. Бұл қалай?» – дейді. Сонда сөзі жеңілтектеу бір жігіт: «Толық адам солай болу керек қой», – деп айтып қалады. Сол кезде біздің Оразақын Асқар деген ағамыз 2-3 шумақ өлеңді суырып салып айтыпты. «Бүкіл дүние жүзінің сөзін бойына сіңірген адам қандай болу керек?» деген мағынада. Өте шебер берілген екен. Сосын сіздің әрбір келіп-кеткен кезіңіздегі Мұхтар Әуезовтің ұлт жөніндегі, кейінгі ұрпақ жөніндегі алаңдайтын ойлары ашық айта салмаса да, осы жердетиянақталып жақсы беріліпті. Келелі сұрақтарға жауап бар. Біздің ардақтыларымыз, арыстарымыздың барлығы атылып, айдалып кетіп жатқанда Мұхтар Әуезов өзін қалай сақтап қалды? Мұхтар Әуезов өзін-өзі данышпандықпен, көрегендікпен сақтап қалып отыр. Өзі үшін емес, әрине. Қазақтың бойына сіңірген ғұрпын, рухын кейінгіге жеткізу үшін сақтап қалды дегенді айтқан екенсіз.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Ахмет Байтұрсынов Мұхаңа хат жазған дейді. «Ең жасы сен едің. Сен қал, керексің. Біз кеттік, бұрыла алмаймыз», – деп.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Мұхтар Әуезовтің өзін-өзі сақтап қалу арқылы біздің ұлтымызға қандай жақсылық жасағаны, ғибратты дүние қалдырғаны туралы пәлсапалық ой айтылған екен. Кітапты оқымаған оқырмандар үшін, «кітаптың ішінде не бар?» деген сұраққа айтайын, жазушының басындағы кемшіліктер де айтылады. Жазушының өмірінің соңына қарайғы кез. «Абай жолы» талай талданып, талқыланып, көптеген сүргіннен аман өтіп, ақырында толықтай жақсы бағасын алып, мерейге қол жеткізген кез екен. Мұхаметжан Қаратаев деген сыншымыз 20 жыл айдаудан оралып, келгеніне көп бола қоймаған тұс екен тағы. Келгеніне екі жыл болған дей ме, сонда «Абай жолы» туралы баяндама жасайды. Баяндамада «Абай жолын» Шолоховтың «Тынық Донымен», басқа да кітаптармен салыстырады. «Шолоховтың «Тынық Донына», Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігіне» қарағанда, «Абай жолы» бізге жақындау деген әңгіме айтады. Салыстырады. «Суда жүзген алабұға сияқты» дейді. «Ойбай, шортан деп айт» деп біреулер қағыта қалжыңдасып, біраз көпшік қояды.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: «Жайын деп айтпайсың ба?» деп залдан біреу айғайлайды.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Қабдеш ағамыз сол кездегі әдеби ортаны жақсы берген екен. Анандай қысталаңнан шыққаннан кейін адамдар бірін-бірі көтермелеп жүретін кез ғой. Серік Қирабаев, Мұхаметжан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов, Темірхан Нұртазин бар. Артық мақтаудың кейде зияны да бар. Зейнолла Қабдолов: «Абай жолы» эпопеясы бір кітаптан ғана кейін тұр», – дегенді айтып қалған екен. Содан бәрі шошып кетеді. Зейнолла Қабдолов пауза ұстап тұр. Автордың өзі де қыпылықтап: «Осы кемшілікті осы жерде айтпай-ақ қоса қайтеді?» – деп ойлайды. Мұхтар Әуезовтің өзі де жаратпай қарап: «Ол қандай кітап болды?» дегендей болып отырған кезде, Зейнолла Қабдоловтың айтқаны мынау: «Ол «Абай жолы» эпопеясынан кейін жазылатын Советтік дәуірдің эпопеясы, Мұхаң енді жазатын кітап». Осыны айтқаннан кейін бәрі арқаларын кеңге салады. Мұхтар Әуезовтің ойында да жүрген болу керек: «Мен үлкен эпопея жазамын. Жолдастар, сіздерге уәде беремін», – деп айтып қалады. Сол тұзаққа қалай түсіп қалғанын осы жерде жақсы жазады. Жасы алпысқа келген кезде Оңтүстік Қазақстанды күннің ыстығында аралап жүріп, әрең дегенде «Өскен өркенді» жазып бітіреді. Сонда мен өзімнің жүрегіме ауырлау тиген сөз оқыдым…

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Мемуардан ба?

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Иә. «Сол адасудан біздің Мұхаңды өлім құтқарды» деген сөз жүр. Шынында жазушының шыққан биігінен түспеуі туралы әңгіме ғой.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Осы жерде мен бірнәрсе айтайын.Мұхаң менің ұстазым, пірім. Роман дегеннің не екенін Мұхаңнан білдім. Сондағы қолпаштауды айтамын да. Журналистер оны іліп әкетті. Енді Мұхаңа шегінетін жол жоқ. Амалсыз Оңтүстікке барды. «Ақыры өзінің Отанына оралды» дегендер де болды. Ал енді қиын шаруаға шалдыққанын Мұхаң кеш білді. Совет өкіметі үлкен жазушыларды қайрап отырды. Леоновты да, Шолоховты да, басқаларын дасъезд сайын төрге отырғызып қайрап отырды. Олар жазарын жазды да тапжылмай отырып алды. Совет өкіметінен қандай эпопея туатынын біліп отыр. Ал Мұхаң, «құлды бәрекелді өлтіреді» деп, мақтауға түсіп қалды. «Абай жолы» мен «Өскен өркенді» салыстыратыным бар. Бұрынғы кейіпкері ұлы хәкім Абай, енді келіп партком секратары Карпов екеуінің арасы қандай? Автор қалай төмендеді деген нәрсе бар. Жазушылардың кейде өз-өзіне қол көтеретіні жайдан-жай емес. Мұхаң өзіне қол көтермегенмен, операция үстеліне тәуекел деп қойып кетуі неғайбыл дүние. «Не болса, о болсын» дегендік пе екен деп болжаймын.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Мұхтар Әуезов өзін қалай сақтап қалды? Қажығұмар Шабданұлы өзін қалай сақтай алмай қалды? Біржағы Құдай сақтап, Қажығұмар ағамызды атып тастаған жоқ. Түрмеде отырса да, шылымның қорабына жазса да, әйтеуір қидалап болса да шығармаларын жазып үлгерді. Дегенмен осы жерде бір өкінішті нәрсе айтылады. Мысалға кітаптанбір үзінді оқиын: «Қазір бізде ұйғырлардың арасы қатты шиеленісіп тұр. Оларға қарағанда қазақтардың жағдайы шүкіршілік» деді Мақатан сөз соңында». «Қажығұмар ше? Сол кісінің басына бұлт үйіріліп тұр деседі ғой». «Иә, Қажекең Боғда тауы тәрізді бар бұлтты өз басына үйіріп алды да, басқамыз сол кісінің арқасында боран-шашыннан аман қалдық» деп Мақатан ақсия күліп қойды». «Қажығұмар не бүлдіріп еді соншама?». Бұл автордың қойып отырған сұрақтары ғой. «Былтырғы сайрау кезінде жұрт айтқан сөзді ол да айтқан. Бірақ, Қажекең «бір қателік өтіпті, мойындаймын» дей салмай, ауқымға қарсы шабам деп, өз ісін тым ушықтырып алды», – деп келеді. Содан ары қарай: «Ал Ахмет пен Рахметолла ағаларымыз қалай? Рахаңның «Шырықты бұзған шұбар тіл» деген сықақ әңгімелері болушы еді. Сонысы алдынан шыққан жоқ па?» «Ол ағаларымыз әзірше аман жүр. Алайда бұл екеуі де Қажығұмарға қарыздар. Қажекең жұрт назарын өзіне аударып әкетті де, басқалары қағаберіс қала берді. «Еркек тоқты құрбандық» дегенді біздің қазақ осындайда айтқан болар». Тура осы пікір, осыған ұқсас сөз, Қажығұмардың басындағы ішкі принципіне қатысты нәрселер кітаптың 5-6 жерінде қайталанады. Қажығұмар айтқанынан қайтпай қойған, кешірім сұрамай қойған, хат жазбай қойған. Соның салдарынан көп жыл абақтыда отыруға мәжбүр болған. Бұл – жазушының қайсарлығы. Бірақ, қазақтың екі үлкен жазушысы, біреуі Лениндік сыйлыққа дейін қол жеткізіп, атақ-абыройы жеткілікті болды, екіншісі бүкіл өмірін абақтыда өткізді. Енді осы екі жазушыны тең қатар басымызға көтеретін уақыт жеткен сияқты деп ойлаймын.

Қажығұмар ағамыздың «Қылмыс» романын ізіне түсіп, зерттейтін болсақ, мемуарлық жанр элементтері көп кездеседі.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: «Әдеби айналысқа түспей отыр» дегенің дұрыс. «Қылмыс» романын ең көп оқыған адаммын. Төте жазудан кириллицаға аударып бір оқыдым, компьютерден шығарып екі оқыдым, баспадан шыққанда корректор болып, тағы мен оқыдым. «Шыңжаң әдебиеті белгілі ғой, төмен. Баяғы 1930 жылдардағы кезеңінде жүр» деген үстірт пікір айтып жүр кейбір жігіттер. Ол қате. Оған дәлел осы Қажығұмар. Шындықтың көкесі сонда, қаны шығып тұр. Оны ғажап шеберлікпен кестелеген. Көркемдік тұрғыдан бағаланбай жатыр әлі.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Иә, көркемдік қуаты жоғары бұл шығарманың. Дәуірлік шығарма.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Жазушының жеке өзіне де байланысты көп нәрсе. Мысалы, Әуезовтің кезіндегілер Әуезовше жаза алған жоқ қой. Енді осы жерде Қажекең жақсы форма тапқан. Шығыс әдебиетін мүлдем жиып тастаймыз. Еуропа әдебиетіне ұқсаса, керемет екен дейміз, шығыста ондай үлкен үлгі жоқ секілді құдды. Қажекеңдікі қарапайым үлгі. «Мың бір түннің» үлгісін алған. Тергеушіге беретін жауабы ретінде өтеді бәрі. Абақтыда ұзақ жатқан, ұзақ тергелген адам ғой өзі. Шаһризаданың ханға күнде бір ертегі айтқаны секілді. «Ал, құдіретті тергеушім, өтірік айтсам тас төбемнен ұрыңыз» деп қояды да, жалғастыра береді. Ес білгенінен бастайды. 1925 жылдары туған. 1932 жылы 7 жастағы бала, аштықты біледі. Өзі әжептәуір бай шаңырақтан шыққан. Бірақ тәркілеуге ұшыраған, сыпырып әкеткен. Ақыры аштан өлетін болғасын, Тарбағатай күнгейімен Шәуешекке өтіп кеткен. Шешесі жетектеп өтіпті. Сонда: «Бір зираттың түбінде тығылып отырмыз. Екі солдат келіп, зиратта аяғын салбыратып қойып, темекі тартып отыр. Шешем менің аузымды басып алған», – дейді. Бала жөтеліп қоя ма, түшкіріп қоя ма дегені ғой. Сосын жаңағы екеуі 15 минуттан кейін кетіп қалады. Бұлар таяу жерде тұрған шекарадан өтіп кетуі керек. 1932 жылдары босқындардың жағдайы қандай болды? Бірінші рет Қажығұмар көтеріп отыр. Біреулер: «Байлар малдарын айдап, ана жаққа барып, қарқ ете түскен шығар», – дейді. Қайдағы қарқ ете түскен? 1932 жылы малдың түгі қалмаған. Аш халық лықылдап толып кеткен. Сонда Шәуешектегі қайырымды адамдар қазан-қазан ас пісіріп, аштарға көмектескен екен. Көп қазақтың аман қалуына себепкер болған. Демек, мемуар деуге келеді. Бірақ, бір адамның тағдыры алты томға жетпейді ғой. Бүкіл қоғамды көрсетіп отыр.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Әрине, көркем шығарма ғой. Дегенменде мемуарлық сипаттары бар. Өз басынан кешкендері. Мұны айтып отырған себебім, бізде жазушылардың шығармаларын қарап отырсаңыз, өз өмірінен жазатындар жетіп артылады. Бірақ, нені жазу керек? Қалай  жазу керек? Керек пе, керек емес пе? Осы сұрақтың басын аша алмайды. «Мемуарлық шығарма» деп төтесінен айтайын деп отырған бір себебіміз сол. Көбінесе махаббаттың машақаты, арзан-құрзан әңгіменің төңірегінде қалып қоямыз. Ал мемуарлық шығарманың беретін үлгісі, ғибраты мол болуы керек. Қаламгерлерге нені, қалай жазу керек дегенді жанрдың өзі үйретеді. «Таңғажайып дүниенің» бір ерекшелігі сол. Ұлттың басындағы тарихқа керекті, келешегіне керек нәрсені айтуда, айта алуда мәселе. Ұлттың аман қалу жолындағы күресін көрсету. Осы жағынан кітап өзінің мақсатын ақтап шыға алған.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,

Дереккөз: zhasorken.kz

Қабдеш Жұмаділов: Ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ
Бірер күн бұрын Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихына» қатысты қоғамдық талқылау өтті. Жиынға қатысқан жазушы Қабдеш Жұмаділов қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тіл, тарих, жер мәселелеріне қатысты ойын ортаға салды деп хабарлайды ult.kz.

"Ұлтты жою саясаты жоспарлы түрде іске асып жатыр. Ұлттың жаны бар. Ал оны құртудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі – жер. Жерден айырылған ұлт жойылады. Тағы бірі – тіл. "Сөзі жоғалған ұлттың өзі жоғалады" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып кетті. Үшінші мәселе – тарих. Тарих халықтың – жады, зердесі. Оған кесір тисе, ұлтты ұстап тұратын ештеңе қалмайды", - деп сөзін бастады жазушы.

Жұмаділов тәуелсіздік алғалы бері елімізде 18 министр ауысқанын сөз етті.

"Бізде тәуелсіздік алғалы бері 18 министр ауысыпты. Сонда оқу-ағартудан кеткен кемшілікті, олқылықты кімнен сұраймыз? Ешкім де жауап бермейді. Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең. Кінәнің бәрін өзіне арқалатады да, қоя береді. Әрқайсысы бір-бір реформамен келеді. Мектепте үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту. Бізге ұлтты жоюдың программасын жасап бергендей біреулер. Соны біртіндеп іске асырып келе жатырмыз. Мектептеріміз Кеңес одағынан кейін керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Сол кездегі ғылымды сақтай алдық па? Баяғы Ғылым академиясы қайда?", - деп күйінді ол.

Жазушы пәндерді бір-біріне қосу идеясын да сынға алды.

"Пәндерді бір-біріне қосу деген — не деген сұмдық? Мен өзім қазақ тілі мен әдебиетінің маманымын. Әдебиет деген қоғамдық пән, ал тіл деген нақты ғылымдардың бірі. Маматематика қандай болса, тіл ғылымы да сондай. Екеуін қалай қосып оқытуға болады? Ал енді тарихымызға қатысты. Осы жерде жоғарғы мектептің өкілдері отыр. Алғашында 91-жылдан бергі тарихты оқытамыз деді. Одан біраз шу туындағаннан кейін, қазан революциясынан бергі тарихты оқытатын болыпты. Кішкене кеңіткен түрі. Онда ар жағындағы қазақ тарихы қайда қалады? Тарихымызды енді-енді біліп келе жатқанда, қысқартып тастасақ не болады?", - деп сұрақтарын жаудырды Жұмаділов.

"Былтыр ғана қазақ хандығының 550 жылдығын өткіздік. Оның алдында басқаша сайрағанбыз. Бізде хандық та, мемлекет те, шекара да болған жоқ деп. Оны мынау мысықтілеулі көршілеріміз іліп әкетіп, әрі қарай шуылдап бара жатқаннан кейін, басу үшін хандықты тойладық. Онда да Астанада не Алматыда емес, сонау Жамбыл жеріне апарып шала-пұла өткіздік. Тарихымыз мынау, тілдің дауы алдарыңызда. Ал қазақтың жері саудаға түссе, шетелдіктердің қолына өтсе, онда қазақтың шындығы біткені, қыл мойынға тақалғаны. Ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ. Мемлекет – ешкімнің меншігі емес. Жер де ешкімнің жеке дүниесі емес. Жердің иесі өзгерсе, киесі де өзгереді. Қасиеті де жоғалады", — деді жазушы.

Айта кетсек, жиында қоғам белсенділері үштілділік реформасының ұлтты жоюға бағытталғанын ашық айтып, өз қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ, Білім министрлігінің өкілдеріне қоғам белсендісі Руза Бейсенбектегінің төрт жарым мыңнан астам адамның қолы жиналған ашық хатын тапсырды.

Қабдеш Жұмаділов: «Ұлтшыл» деген атағымды бәрінен биік қоямын…
Қабдеш Жұмаділов,

Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қабдеш аға да сексенге келді. Арнайы барып құттықтадық.

Бұ кісі де «бір өзі бір библиотека кітап жазған» қаламгерлер қатарына кірсе керек. Әйгілі романист жазушының әлі де шалқар шабыт үстінде отырғаны байқалды. Сергек. Тың. Сонда да, өзіңізді қалай сезінесіз, сексеннің жетпістен айырмашылығы бар ма екен деп сұрап қалдық. Сол секілді, ата-анасы Жұмаділ Күдеріұлы мен Қанипа Егінбайқызын да еске алудың реті келді. Себебі, мейлі, жүзге жет, перзент үшін әке мен шеше орны бөлек. Олардың ғұмыры ұрпақтарының санасы арқылы жалғасатыны да заңды нәрсе. Ата-ананы еске түсірмей жүре алмайсың. Тіпті, бұлардың арагідік түске кіріп отыруы да табиғи құбылыс болар. Қабекең өзінің ғұмырнамалық «Таңғажайып дүние» романын «жарлы-жақыбай кезімде етегімнен ұстаған, бес бала сүйгізіп, отбасын бақытқа кенелткен, ала қағаздың азабын, тұрмыстың ащысы мен тұщысын ұзақ жыл бірге татқан өмірлік серігім Сәулеге арнаймын» деген еді. Үлкен жазушының өзіне ұзақ жылдар жолдас болған адал жарға сүйіспеншілік, құрмет деңгейі қаншалықты өсті деген сауал да қызықтырмай қоймайды. Одан соң қаламгер жазудан қол боста не істейтінін; қалай сергитінін білгіміз келді. Қазіргі жазушылардың қоғамдағы орны мәселесіне, өзінің ізін басқан шәкірттеріне қатысты ойымызды да ірікпедік. Құндылықтар орны алмасып, бір кезең дағдарған кезеңде қаламгерді қорқытатын құбылыстар сырына да үңілуге тырыстық. Жазушы бұдан үш-төрт жылдай бұрын бір кездескенде, жазуды доғарамын дегендей еді. Керісінше, таң қалдырып, осы уақыт аралығында үш-төрт кітап жазып тастады. Мұның да мәнісін білмеске болмады. Әйтеуір, бірталай әңгімелестік. Енді сол сөздің бір үзігі оқырман назарына ұсынылып отыр.

1.

Жас кезімізде сексеннің сеңгірі деген көз ұшында бұлдырап, тіптен алыс көрінетін. Одан беріде елу, алпыс, жетпіс секілді қанша асулар жатыр ғой деп онша алаңдамаппыз. Сөйтсек, бұл бір онша бір алыс жер емес екен. Мына тұрған жер екен. Әне-міне дегенше осы кезеңге де келіп қалыппыз.

Жалпы, бұрын біздің әулетте ұзақ жасағандар жоқ еді. Әкем Жұмаділ қырық жеті жасында қайтты. Атам Күдері би қырық бес жасында кетіпті. Сәл ұзақтау, жетпістен асып жасаған Күдерінің әкесі Смайыл зәңгі көрінеді…

Біреулер айтады, сексенге келгенде марапат алдың ба, сыйлық алдың ба деп. Менің ойымша, марапаттың үлкені – осы сексен деген жастың өзі! Иә, Алланың жарылқауы, Жаратушының жақсылығы сол. Разымын. Ал, енді, сексеннің жетпістен айырмашылығы бар… Жоқ дей алмайсың. Бертініректе біреу «кәрілік – ем қонбайтын ауру» депті. Сол айтқандай, жастың ұлғаюы адамды бірте-бірте төмендете беретін көрінеді. Әсіресе, мына, зердені кемітеді. Ұмытшақтық басым. Ана-мына затты лезде ұмытып қалатын болып жүрмін. Жалпы, кәрілік өз дегенін жасамай қоймайтын сияқты.

2.

Әке-шешем қосылғанда бірі – он алтыда, бірі он бесте екен. Анам Қанипа зайсандық қыз. Біздің жаққа 1916 жылы орысқа әскер бермейміз деп, патша өкіметінің жазалаушы күштерінен үрке көшіп, шекара асқан елмен бірге келіпті. Кейін өзі: сонда он екі жастағы дардай қыз едім. Ертістен жеке ат мініп жүзіп өткенім есімде деп отыратын-ды. Өздері Ордабай, Егінбай, Желдібай… деген көп ағайынды адамдар бастаған бір тайпа ел. Жиырмадай үй. Біздің елге келіп қоныстанады. Онда төртуылдың төбе биі, менің атам Күдері би тірі. Елінің ұйытқысы болып, тұтастықты сақтап отырған адам. Бұ кісілер, енді, жаңа келген ағайынды қалай сіңіріп әкетуді ойлайтыны анық. Соның үшін, келгендердің үйінде бойжеткен қыздары болса дереу құда түскен секілді. Егінбайдың бірінен кейін бірі бойжетіп отырған үш қызы бар екен. Үлкен қызын өзінің Қайса деген жақынына қосады. Ал Қанипа деген менің болашақ шешемді өзінің ұлы Жұмаділге алып береді. Бұл 1919 жыл. Апам айтатын: «Би атамның тәрбиесін көре алмадым. Мен түскеннен кейін бір жылдан кейін қайтыс болып кетті» деп…

3.

Күдері бидің өлімі де тосын. Жолында кездескен елді қалың қолмен қырып-жойып, Моңғолияға қарай қашып, өтіп бара жатқан генерал Бакшке елшілікке барыпты. Халқын сақтап қалудың амалы ғой. Қалың қар жауып қалған кез. Генерал да қысылып отыр дейді. Сонда екеуі бір-бірімен тартыспай, жауласпай, өзара тілге келеді. Дұшпанды қыстатып, кейін өтіп кетуіне көмектесетін болып сөз байласады. Кетерінде орыс армиясының сардары Бакш, сүйегі серб, Күдеріні: «Әттең, оқымаған қазақ екенсің. Оқысаң, бір елге басшы болғандай екенсің!» деп мақтап, арқасынан қаққан екен. Сонда Күдері: «Апырай, мына аузы түкті кәпір бекер қақты-ау арқамнан!» деп сескеніп қалады. Үйге ауырып қайтыпты. Жеті күн жатып қайтыс болады. Кейін сүйегіне түскен шалдарды көрдім. Солардың айтуынша, атамның сол жақ жауырында алақандай жер қазанның күйесіндей болып қарайып кетіпті. Таңданбасқа лаж жоқ. Бұл заманның адамы деуге келмейтіндей, кіршіксіз таза, сонша адал кісілер ғой. Табиғаттың төл перзенті. Жаңағыдай жағдайда қайтыс болған. Міне, біз сол тұқымның ұрпақтарымыз. Мен кейде үйге біреулер келсе, басқаларға, білетін адамдарға айтам, мына үйді Қабдештің шаңырағы деп ойламаңдар, бұл – кішірейген шаңырақ. Бұл бір кездегі Күдері бидің, одан қала берсе кейінгі Жұмаділдің шаңырағы деп…

Әкемнің зираты арғы бетте жатыр. Сол, өзінің туған жерінен, Тарбағатайдың күнгейінен, Малдыбай бұлағының бойынан сая тапқан. Шешем өзіммен бірге келді. Қолымда болды. Шыққан кітаптарымды көрді. Өзі ептеп қана хат танитын. Кезекті кітабымды әкеліп қолына бергенімде керемет бір қасиетті нәрсемен кезіккендей, Құран ұстағандай, ақырын тәу етіп, бетіне апарушы еді. Сонсоң айтатын: «Рахмет, балам! Саған әкең разы шығар. Жұмаділ деген атты дүниеге жайдың. Саған әкеңнің аруағы да разы шығар» деп. Өзі де риза болатын. Әкемнен кейін жиырма үш-жиырма төрт жылдай жасады. 1973 жылы Кеңсай зиратына өз қолыммен қойдым.

4.

Сәулемен бас қосқалы биыл елу екі жыл болыпты. Әуезовтің бір жазғаны бар еді… Құнанбай қажылыққа аттанып бара жатады. Қасында Ұлжан бар… Біразы пәуескеде, Семейге дейін шығарып саламыз деп ауылдан аттаныпты. Сонда Құнекең ағайынмен қоштасып тұрып, Ұлжанға арттағы ауылды тапсырып тұрып, іштей толғанады. Алған жарың, сүйгенің, бәйбішең жас ұлғая келе сенің бір туысың секілді, бір жақының, қимас жанашырың сияқты болып кетеді екен-ау деп. Бұл біздің қазаққа тән нәрселер. Басқа ұлттарда қалай екенін. Елу жылдан аса бірге тұрған адам, расында, бір-біріне туысқан болып кететін сияқты. Бірінің жайын бірі қылп еткеннен біледі, бір-бірін күтеді, аялайды дегендей. Қазір біз сол жағдайдамыз. Ұлдарымыз, қыздарымыз, немерелеріміз бар… Өзара сыйласымдық бірінші орында. Бір-бірімізге қатты сөз айтпау, көңілге тимеу… Әрқайсымыз осы жағын ойлайтын болуымыз керек. Солай өмір сүріп жатырмыз.

5.

Қол боста не істей қояды дейсің. Әттең дейтін нәр­селер кездеседі. Табиғатты аралауға ниеттенесің. Бірақ оған қол жете бермейді. Атым жоқ менің. Фермам жоқ арнайы ұстап отырған. Жас кезде ат құлағында ойнаған көшпендінің баласы едім. Біздің үйде жақсы аттар болды. Құлажорға, Сұркөжек дейтін… Атақты. Сол аттармен талай шаптым. Жылқы кіреді түсіме. Жайлауға көшіп бара жатқанымызды көремін кейде. Бір үйдің еркесімін. Жұрт жайлауға ерте көтеріледі. Қайда-а-а… Күн шықпай. Жұлдыз барда. Туырлықты сыпырып алып, уықты шешіп жатады. Шешемнің даусы шығады: «Қабдеш-ей, тұр! Басыңа шаңырақ түседі» дейді. Оянам. Бұл – кешеден бері күтіп жүрген нәрсем. Көшу деген… Қашан көшеміз деп әкеміздің, шешеміздің мазасын алып жүрген нәрсем. Көшпендінің үлкен-кішісі көшті сағына күтеді ғой. Өткенде бір жазушының шығармасын оқып отырсам (әрине, кейін туған жігіттер), тарихқа барады да, көшті бір азап қылып көрсетеді. Құдай-ау, қашан жетер екенбіз деп… Күйзеліп келе жатады… Олай ойлауы мүмкін емес қой көшпендінің баласының! Мына аспанда қалықтап ұшып жүрген құс қалай шаршамаса, көшпен бірге келе жатқан көшпендінің баласы да солай. Жалықпайды. Көш – салтанат, көш – көрме. Керек десе. Көш болғанда қандай; түйе үстіне қымбат кілемдеріңді, жаңа сырмақтарыңды жабасың. Әйелдер тәуір киімдерін киеді. Сәнді ертоқымдарын жарқыратып, жақсы аттарын мінеді. Жол-жөнекей талай ауылдың үстінен өтесің. Көш кетіп бара жатқанда бұл кімнің көші дейді. Бұл – бәленбайдың көші! Е-е дегізіп… Сөйтіп өту керек… Қысқасы, кейінгі ермегіміз, көбінесе, ой, қиял сияқты…

6.

Жалпы айтамыз, сөздің қадірі кетті, жазушының қадірі кетті деп. Негізгі сипат солай екені рас. Біркелкі дүние жоқ. Бірақ жазушылардың бәрін бірдей бір шыбықпен айдауға тағы болмайды екен. Қазір қаламгерлеріміз жік-жікке, топ-топқа бөлінген. Бір топ жазушылар бар: өкіметке жағымды. Сарай маңайында жүреді. Олар биліктің оң назарында. Жақсы қызмет соларда. Жақсы үй – соларда. Ерекше марапаттан, құрметтен құр қалмайды. Жыл сайын берілетін стипендия деген де осылардікі. Жағдайлары қашанда тәуір. Тегінде, бұрын да солай еді… Одан кейінгі бір топ бар. Жалпы жазушы аталатын… Қалың топ. Жазушылық пен журналистиканың арасындағы дүбара топ. Жазушылық билет алғанына разы. Көп нәрсені талғамайды. Көп нәрсені үкіметтен дәметпейді де. Өздері және бірнеше жүз. Жүріп жатыр. Ендігі бір топ – талантты топ. Аз. Сегіз жүз жазушы бар дейміз; соның ішіндегі жиырмасы ма, отызы ма, содан аспайды. Ал әдебиеттің негізгі сұлбасын жасап отырған, міне, осылар! Білдіңіз бе. Мынандай ғой ол, өзі… Аспанда ұшқыштар көп… самолет айдайтын. Солардың ішінде сынаушы-ұшқыштар дейтін болады. Біздің мына Тоқтар Әубәкіров секілді. Жаңадан шыққан жойғыш-ұшақтарды бас білдіріп беретін. Оның бүкіл бүге-шігесіне дейін зерттеп, хаттап, шоттап беретін… Жаңа маршруттар ашатын… Ал қатардағы ұшқыштар осы серкелер салып берген бағыт қалыптасқаннан кейін сол меже, сол сызық бойымен адаспай жылжып отырады. Әдебиетте де солай секілді. Дарынды жазушылар жаңа идеялар туғызады. Тың тақырыптар ашады. Соны проблемалар көтереді. Айрықша образдар жасайды. Тартымды ойлар табады. Мен баяғыда «Спутник шығармалар» деп мақала да жазғаным бар. Әлгіндей қаламгерлер, мәселен, Қабанбай, Абылайларды алғаш көтерген «Дарабоз» сынды бір үлкен кітап шықса, соған ұқсас шығармалар жаза бастайды. Сол маңайдан ұзамай, айнала қалқып, қарайлап отырады. Адаспайды.

7.

Біреулер сіздің шәкір­тіңіз бар ма деп сұрайды. Оны біле қоймайды екем. Әйтеуір, өзімді Әуезовтің шәкіртімін деп есептеймін. Дәріс алдым. Алдында отырдым. Мұхаң мені жеке таныды. Үйткені, арғы беттен келдік. Шақыртып алып, оңаша танысты. Мен оны пір тұтқан адаммын. Елдің бәрі жақсы көретін шығар. Бірақ Мұхаңды дәл мендей қадірлейтін кімдер бар екенін… Көз жетіңкіремейді. 1949 жылы «Абай» дейтін роман араб әрпімен басылып келді Шыңжанға… Бір ағамыз қалаға барғанда ала келіпті. Керемет қуандым. Кітап ауыр… Бастауыш мектепті бітірген кезім еді. Он үштемін. Оқудан қайтып келе жатқан Абай да он үште көрінеді. Құныға оқыдым. Қысқасы, Әуезовке деген құрмет сол сәттен-ақ басталғандай. Сол үйіргеннен осы күнге дейін баурап келеді. Ал маған шәкіртпін деп жүрген кейбір адамдар кейін айныды. Азды. Шәкіртпін деп жүріп менен қымқыратынды шығарды. Ол аздай образыңды ұрлайды. Оқиға… Ой ұрлайды… Әдебиетте ой ұрлау, образ ұрлау деген – қорадан қой ұрлағанмен бірдей ғой. «Плагиат» деген аты бар…

Сүйтіп, анау-ақ, мынау-ақ деп маңайымда жүрген адамдардың көбі сынға толмады. Жалпы, жас кезіңде, бертінге дейін жора-жолдас, ана-мына таныс-біліс көп болады. Бірақ осының «штаты» өз-өзінен біртіндеп қысқара бастайды екен. Өмірдің өзі қысқартады. Біреу жаңағыдай сыннан өтпейді. Екіншісі өзінің пендешілігін көрсетіп алады. Сонымен, сенің төңірегіңде жақынмын, жолдаспын деп жүргендер ақырындап азайып кететін көрінеді.

8.

Сексен жасқа келген кісінің бір нәрседен қорқа қоюы екіталай. Өз басым ештеңеден үйрейлене қоймаймын. «Өлер өгіз балтадан тайынбайды» дейді. Жалпы, соққыны, айдауды, қуғынды көп көріппін. Қытайда төрт жыл сүргінде болдым. Алматыдан оқып барған соң… Жиырма екі жасымда ұлтшыл деген айдар тақты. Соның үшін қазір өзімді біреу «ұлтшыл» десе мақтаныш етемін. Бірде: «Менің халықтан алған, үкімет берген бірталай тәуір атақтарым бар. Сонымен қатар бір кезде Қытай империясы берген ұлтшыл деген атағымды да далаға тастағым келмейді» деппін. Кейде ойлаймын, осы, кейбір жігіттер «ұлтшыл» деген сөзден неге шошиды екен деп. Бір кезде Алашорданы жамандау үшін оларды ұлтшыл дедік-тағы, бұл сөз құбыжыққа айналды. Расында, халықшыл, мемлекетшіл деген сөз жақсы да, ұлтшыл деген сөз неге жаман болады?! Біреулер осыны айта алмай, ұлтжанды дегенді ойлап тауыпты. Мен «ұлтжанды» деген сөзге қарсымын. Өзімді біреу ұлтжанды десе, дереу түзету берем. Бірдеңежанды деген, жалпы, қазақта бар сөз. Бірақ байжанды, қатынжанды, итжанды, малжанды дегендей үш-төрт сөзге ғана жалғанады. Ал мұны бүкіл ұлтқа тіркеу дұрыс емес.

Мен, өзі, ұлттың жағдайын көп ойлайтын кісімін. Жиырма екі жасында ұлтшыл болған адам не ойлауы мүмкін?! Алпысында, жетпісінде не ойлады екен? Келе-келе сонау бетінен қайтады ғой дейсің бе? Жоқ! Менің өмірде өлшейтін бір-ақ таразым бар. Өзі арифметика сияқты өте қарапайым. Қазаққа не пайдалы – соны құптау керек. Қазаққа не зиянды? Мейлі, оны кім ойлап тапса да, оған жол беруге болмайды. Қарсы тұрамын. Осы бағытпен келе жатырмын. Ешбір оппозицияда да жоқпын. Ешбір партия мүшесі де емеспін. Мен – халық жағындамын. Елге зиянын тигізетін нәрселерге қарсы мақалалар жаздым. Сұхбаттар бердім. Аяғым жеткен жерге дейін барып айттым. Сөзім жететін жерге дейін қағазға түсірдім. Әйтеуір, халық үшін күресіп келе жатқан адаммын. Көкейге қонбайтын сондай күрделі, қайшылықты нәрселер қазір де болып жатыр. Жер мәселесіне байланысты ел дүрлігулі. Енді арнайы комиссия талқысына салынуда. Дегенмен, істің арты дүдәмал. Құдай сақтасын деп отырмыз. Дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орын аламыз деп мақтанамыз. Ұлттың қазіргі берік қорғанышы да, сүйеніші де – сол жер! Сатуға болмайды ғой оны. Осы халық пайдалансын. Қорасына мал салып беруге көмектессін. Жайылымдардың бәрі бос жатпасын, жарайды. Біздегі мал шаруашылығы неге өркендемейді? Өркендетсін соны. Жұмыстың бәрі сондай игілікті салаларға жұмсалсын. Ал жиырма-жиырма бес жылға жалға берген жер қайта ма, қайтпай ма?! Сол жерге қоныстанған қытай жиырма бес жылда қанша адамға айналады?! Иә, ширек ғасыр арасында жер әбден тозады. Он жыл қатарынан егін салған жерден өнім шықпайды. Ауыспалы егіс дейтін бар. Жерді мәпелеп баптап, күткен адамдар ғана бітік өнім алады. Ал енді біреудің жерін біреу аяй ма екен?! «Бір күнге өгіз өлмейді, екі күнге иесі бермейді» дейді-дағы, жердің астан-кестеңін шығарады. Әуелі, сол жерге біртіндеп әбден бекініп алған жалгер «туысқандар» ертең оңайшылықпен кете қоя ма?! Қайтара қоя ма сенің саржайлауыңды?! Сонда, өзі не қысым батып бара жатыр қазақ еліне?! Ата-бабадан қалған жерімізді сататындай… Өз астығымыз өзімізге жетеді… Өз малымыз өзімізге жетеді… Өз кеніміз өзімізге жетеді… Не күн туды басымызға?! Жерді сатуға болмайды. Оған қарсымын.

Одан соң үштұғырлы тіл деген пайда болды. Қазақ тілі мен әдебиетін… География мен тарихты біріктіру деген шықты. Жаңадан келген министрдің ойлап тапқан нәрселері. Әне күні санап отырсам, азаттық алған жиырма бес жылда он сегіз министр ауыс­қан екен. Солардың әрқайсы келеді де, бірдеңелерді бастайды. Одан өзі бір жыл, бір жарым жыл оты­ра­­ды да кетеді. Әлгі бастамасы жа­йына қалады. Келген министр тағы біреуін қолға алады. Жалпы, мұндайда оқу-ағарту саласындағы кем­шіліктің жөнін кімнен сұра­рыңды білмейді екенсің. Қайсы бүлдіріп кетті?! Мұны сеңдей са­пыры­лысқан он сегіз министрдің қай­сынан талап етесің? Бұл кадр мәсе­лесіндегі былықпай, шынын айтқанда…

Алдағы қыркүйектен бастап жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізу туралы мәселе қойылыпты. Соған біз дайынбыз ба алдымен? Министр соны неге ойламайды? Қазақ тілі жарамай ма екен ол тілдерді оқытуға?! Ол пәндерден қазақ тілін ығыстыратын болсақ, ана тілінің ғылыми терминдерден, бәрінен сырт қалдырамыз ғой! Бүгінге дейін географияға, химияға, физикаға, математикаға жарап келген тіл енді неге жарамай қалды?! Бұл – қазақ тілін қорлау деген сөз. Сосын, баяғыдан бері бөлек оқытылып келе жатқан пәндерді бір-біріне қосу деген қайдан шықты? Неден қысылып, неден сасып қосамыз бұларды? Бүкіл елдерде, тұтас әлемде бөлек оқытылады… Орыстарда, ағылшындарда солай… Біз неге біріктіруіміз керек? Біз, осы, неге оңтайландыра береміз бірдеңені?! Іш майымызды тауысып бара жатқан не жағдай?!.

Сөйтсек, тапсырма бар сияқты. Ақша үнемдеу деген… Үнемдейтін болсақ, алдымен, анау миллиардер алпауыттар байлықтарын жарым-жартылай қайтаруы керек шығар. Бері қарай. Сонда ғана қаржы-қаражат ептеп үнемделуге тиісті…

Міне, мені жасым ұлғайғанда осындай нәрселер уайымдатады, осындай жағдайлар түн ұйқы­мды төрт бөледі. Үрейлендіреді. Қинайды.

9.

Қазір жыл сайын бір кітап шығарып жатырмын десем артық емес. Бірақ кейінгі кезде қалың романдар жазуды доғарғаным рас. Өйткені, том-том қалың дүниелердің дәуірі өткен секілді. Маған солай көрінеді. Бұрынғыдай шалқаңнан жатып роман оқитын заман жоқ. Оған оқушының да ыңғайы келе бермейді, менің де уақытым тығыз. Бұрын, мәселен, «Дарабозды», «Соңғы көшті», «Тағдырды» жазғанда әрқайсына қаншама жылдан материал жинадым, қаншама жылдан жаздым. Айталық, «Дарабозға» бес жыл отырыппын. Қысқасы, әр романға, кемінде, екі-үш жылдан кетеді. Қазір сарп ететін ондай уақыт бар ма. Соның үшін шағын жанрға көштім. Жалпы, қаламымнан он роман, жиырма бір повесть, жетпістен аса әңгіме туыпты.

10.

Кейбір баяндамаларда «Біздің Тәуелсіздік жылдарына қатысты шығармалар неге жазылмайды» дегендей пікірлер айтылып қалады. Мен сонау жиырма бір хикаяттың он бесін осы егемендік жылдарында жазыппын. «Найман ана ескерткіші», «Академиктің көз жасы», «Көкжал», «Аққуды атпас болар», «Қанды қақпан», «Шырмауық» сынды дүниелер шығарма емес пе екен?! Кейінгі әңгімелерім де дерлік жаңа дәуірдегі реформалар, жекешелендіру, жемқорлық, нарық мәселесі, адамгершілік құндылықтардың алмасуына қатысты көптеген ділгірлікті қамтиды. Сонда бұлар шығарма емес пе? Орыс әдебиетінің классигі Антон Чехов өмірі роман жазбаған кісі. Тарихта әңгімемен қалды. ХІХ ғасырдағы орыс өмірінің көрінісі қаз-қалпында сол Чехов әңгімелерінде тұр. Сол секілді ХХ ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ өмірін білемін десең, Бейімбет әңгімелерін оқы. Әңгіме де шығарма ғой! Бірақ осыларды талдаған кісі бар ма. Мәселе сонда. Қазір, өзі, сын жоқ. Сыншылар тарап кетті. Азын-аулақ сыншы басқа кәсіпке ауысып тынды. Біз әдебиетке келген кезеңде оншақты доктор бар еді. Атақты. Ішіндегі бірер академигімен бірге. Бір, ұзаса, қырық-елу кандидат бар-тын. Осылар бүкіл әдебиетті талдауға, сараптауға жетісуші еді. Әне күні біреу айтады, филологиядан бір мыңдай доктор бар екен. Кандидат та одан кем емес, әрине. Тарихта да солай. Мыңға жуық доктор, профессор бар. Солар не бітіріп, нені зерттеп жүргенін… Білмеймін. Қазір менің шығармаларым ғылыми айналымға енген жоқ. Әлде әдебиетшілер бірдемеден жасқана ма… Тісі батпай ма… Бәлкім, менің айтатын нәрселерім ащылау тиіп, қолайына келмейтін шығар… Түсінбеймін. Жалпы, менің еңбектерім бойынша үш адам кандидаттық диссертация қорғады. Біреуі – докторлық… Осылар қорғаған кезде ойлағаным рас, зерттеушіге жарыдым ғой деп… Сөйтсем, оным бекер екен. Әлгілерге қорғап алғанша ғана керек екенсің. Қорғап, атақ алып алған соң, аллаәкпар, сені қайдан көрдім дейді.

Дегенмен, кейбір иманы, ұяты бар жас зерттеушілер жоқ та емес секілді. Иншалла, солар барда, түбі жерде қалмаспын деп ойлаймын.

11.

Негізгі нәрселерімді жазып болғандаймын. Шүкір. Әйткенмен, бұрынғы романдарымның даңқымен өмір сүріп жүрген жазушы екенім де өтірік емес. Мысалы, кезінде «Соңғы көш» – қырық мың, «Атамекен» отыз бес мың таралыммен жарық көрді. Ал кейінгі кітаптардың тиражы екі-үш мыңнан аспайды. Бұл кімге жетеді! Алматыдан ұзамайды. Бізді кейінгі жастар танымауы мүмкін. Атыраудағы немесе Қостанадайдағы біреулер сізді білмейді екем десе, оған өкпелеудің керегі жоқ. Үйткені, мына кітаптар оларға бармаған. Орта жастағылар біледі. Үлкендер ескі көз ретінде құрметтейді. Оған да рахмет.

Бірақ енді бірдеңені жаза қояйын деп жанығатын жағдайда емеспін. Кейде аяқ астынан ой туады. Кейбір хикаяттар кенеттен жазылды. Жекелеген әңгімелер де ойламаған жерден келіп жатса, қағаз шимайлап жаман үйренген адам, жазбай отыра алмайсың. Қалам қашанда оқтаулы тұрады. Қағаз да қорап-қорабымен жатыр. Қаламақы таба қояйын деп дәмеленбейтінің және рас. Үйткені, гонорар төленбейтін болғанына жиырма жылдан асып кетті. Ынталандыру деген жоқ. Сондықтан, зейнетақымен күнелтіп отыра береміз. Кейінгі кітаптардың бәрін өз қаражатыма шығардым. Бұларды сатамын, кәдімгідей… Міне, албарда маялаулы тұр. Сол, ептеп, бәрін болмағанмен, шығынымды өтейді. Бір кітаптың шығынын екінші кітаптың кірісімен жабамын. Жазбасаң тағы болмайды. Осы жағдайға назар аудармайтын билік пен Мәдениет министрлігіне разы екен деп ойлайсың ба? Жұмаділов деген не болып жатыр екен; мемлекеттік сыйлықтың иегері еді, Халық жазушысы еді, кітаптары не жағдайда дейтін жан баласы жоқ. Өзі, қазір бес-алты-ақ Халық жазушысы қалыппыз ғой. Үкімет қарайласпайды. Пішту… Олар үшін. Бақайынан келмейді. Жазбасаң, тіпті, жақсы. Ойлаймын кейде, өліп қалсаң, қайта, рахаттана ма деп…

Біз өміршең шығармалар туғыз­ған Қабдеш ағамызға ұзақ ғұмыр тіледік. Өлуге әлі ерте, жүз жас­қа дейін халқыңызға әлі та­лай тұщымды шығармалар бе­руіңіз керек деп жұбаттық. Өзі де әзілқой Қабекең рахаттана күлді.

Құлтөлеу МҰҚАШ

qazaquni.kz

ҚАРА СӨЗДІҢ ҚАРАГЕРІ
Жатырсың жапан түзде бір аралдай,
Өзіңдей өлең шіркін жүр оралмай.
Аңқылдақ ақыныңда арман бар ма?
Сөз соқса самсаған сан мұнараңдай?! – деп мұнайлы өлкеден өтіп бара жат­қан­да айтқан бір шумақ өлеңін есіне сақ­тап қалған тағдырлас тұлға, ақын-са­тирик Қажытай Ілиясұлы «мұрты шық­пай жатып мұнараны бекерден-бе­кер көксемеген Қабдеш мұнайдың мұ­нарасы емес, ұлт рухын өрлететін асыл сөз­дің, алтын сөздің мұнарасын соққан қайраткер ғой» дегеніндей, Қазақ­стан­ның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, майталман қа­ламгер Қабдеш Жұмаділовті сөз мұ­нарасының биігіне жеткен жазушы деу­ге бүгінгі күні толық хақымыз бар.

«Бәс немесе қарагер аттың хикаясы» (2008) деген әңгімесінде бүкіл Құ­лыс­тай өңірінде алдына ат түсіп көр­ме­ген Қарагерді қолға түсіргісі кеп, есі ке­те қызыққан Жұмабайдың айла-шар­ғысынан құтылу үшін ат иесі Байбат оның сұлулығымен даңқы шыққан жал­ғыз қызын айырбасқа сұрайды. Қа­зақтың осал тұсын дәл басқан Мән­жу шон­жарының құдалығы дауласа ке­ле, бәс тігуге тіреледі. Күресу, күш сы­насу, ат жарыстыру, қымыз ішу, ет жеу сияқ­ты қазақтағы бәстің алуан түрі сөз бо­­лады. Ақыры Байбаттың өзі таңдаған се­міз қойды жалғыз жеуге бәс тіккен Жұ­мабай етті толық жеп, көзінің құрты түс­кен Қарагер атты да қолға түсіреді, әрі басы бәйгеге тігілген сұлу қызын да сақ­тап қалады. Ал Қ.Жұма­ділов болса, шы­ғармаларын жұрт іздеп жүріп, қы­зыға оқитын оқырмандары ең көп жазу­шылар қатарына жатады. Тіпті, оның қызықты сюжетіне еліктеп, шы­ғарма жазатындар да бар. Біз оны «Қара сөздің Қарагеріне» теңесек, та­қы­рып­тың астарында өзінің де «Қазақ кара­сө­зінің дарабозы» (Б.Шарахымбай), «Соң­ғы көштің қара нары» (Н.Қазы­­беков), «Тағдыры бөлек Тарланбоз» (А.Нүсіпханұлы), «Қазақ прозасының мұз­тауы» (Т.Ахметжан), «Тағдыр та­мыр­шысы» (Қ.Ысқақұлы), «Мұраты биік суреткер» (М.Хамзин) «Тағдырлы тұлға» (Т.Жұртбай), «Ұлттық тарихи са­на әліппесі» (А.Егеубаев), «Дарабоз жазушы» (Ж.Елшібек) атан­ған қаламгер екен­ді­гін айту еді. Қазақ романының білгір ма­маны Р.Бердібаев «Тағдыр» мен «Соңғы көш» романдарын «жұрт назарын аударарлық құбы­лыс» десе, көр­нек­ті сыншы Д.Ысқақ­ұлының тақауда ғана «Қ.Жұмаділов – қазіргі замандағы қа­зақ әдебиетінің хас шебері» деген ба­ға­сы тағы тұр.

Жазушы шығармашылығының жал­пы жүйесіне шолу жасағанда, қа­зақтың ұлт болып қалыптасқан көш­пелі қоғамынан бастап, ХХ ғасыр басында жетекші орынға шыққан Алаш зиялыларының күрескерлік идеясына дейінгі ел мен жер тағдырының қабат-қатпары түгел қопырыла сөз болғанын байқауға болады. Тәуелсіздік алған жыл­дардан кейін қаламгердің «Дарабоз» және «Таңғажайып дүние» деген екі романынан басқа мол қазынасы тек қана әңгіме мен хикаяттардан тұрады. Бұл бүгінгі кітап оқымайтын қазақтарға жеңілдік туғызу үшін саналы түрде жа­салған қадам сияқты көрінеді. Мәселе – автордың әдебиеттің эстетикалық құрылымы мен жанрлық жүйесін сан құбылтпай, қалыптасқан дәстүр бойынша қысқа жанр табиғаты мен заң­ды­лықтарын сақтай білуімен де байланысты.

Кезінде академик Ә.Марғұлан І.Есен­берлиннің «Көшпенділер» три­ло­гиясын «дайын докторлық диссер­тация­ға» теңегені сияқты профессор Т.Сыдықов та «Жүк ауырын нар көтере­ді немесе «Дарабоз» романы» деген ма­қаласында «Дарабоз» дилогиясын қазақ тарихында зерттелмей жатқан «ақ­таңдақтардың» орнын толтырған «дайын докторлық диссертация» деп жү­рексінбей айтуға болатындығын жә­не кең тынысты оқиғалардан эпо­пея­лық леп шарпып тұратындығын дә­лелдеп көрсеткен еді. Бұл ғана емес, жал­пы соқталы шығармаларының қай-қайсысын алсаңыз да, романның ең биік шыңы – эпопея деңгейін кө­те­ріп тұрғандығы ежелден келе жатқан, әбден дәлелденген ғылыми көзқараспен сараптағанда басы ашылған ақиқат. Бү­гінгі күнгі роман деп ат қойылған жүз беттен тұратын, кейде одан аз ша­ғын көлемді шығармалардың роман жанрына үш қайнаса, сорпасы қосыл­майтындығы туралы әңгіме бөлек.

Қ.Жұмаділов шығармашылығы тұр­ғысынан айтқанда, тақырыпты ше­караның арғы беті, бергі бетінен ғана емес, екі өлкедегі қазақ ұлтының ба­сын­дағы ұқсас трагедиялық тағдыр, яғ­ни «орыстың отаршыл өкіметі  ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, қазақ даласын отарлауға кіріскеннен» кейінгі үш ға­сырлық «отар мәселесі» тұңғыш рет Қ.Жұмаділов романдары арқылы қа­лың оқырманға жеткендігін айту – тек тәуел­сіздігіміздің арқасында ғана жү­зе­ге асқан шындық.

Сол себепті, Қ.Жұмаділов шығар­ма­лары тарихи құжаттарды тізбелеу емес, қазақ тарихының алмағайып ке­зең­­дерінің көркем шежіресі іспетті деуге толық негіз бар. Мысалы, екі том­дық «Дарабоз» романында ХІІІ ғасыр, яғни Ш.Уәлиханов «қаһармандық дәуір» деп атаған кезеңнің бұрын сөз бол­­маған шындығы бас кейіпкер Қа­бан­бай батыр образы арқылы анықтал­са, «Прометей алауы» атты рома­нында жоң­ғар шапқыншылығынан кейін дағ­да­рысқа түскен дін уағыздау­шы­лары­ның қайраткерлік жолы Ақтайлақ би ар­қылы сомдалады. «Тағдыр»  рома­нын­­да Шыңжаңның Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарындағы қазақтардың ежелгі атамекеніне қоныстану тарихы Қытай­дағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкі­мет­­тің 1911 жылға дейінгі тарихи жағ­дай­­ларымен байланысты күрескер тұл­ға Демежан арқылы өрбісе, «Соңғы көш» романында 1911 жылдан кейінгі қа­­зақтың тәуелсіздік жолындағы алаш­­шыл идеясы негізге алынады. Соң­ғы екі романдағы қамтылатын заман шындығы көп жағдайда Қытайдағы қазақтар тарихымен тығыз байланыс­ты. Сондықтан да жазушы шығар­ма­ларындағы қазақтар мол шоғырланған Шыңжаң аймағындағы жергілікті ха­лықтың қай кезде болмасын, оқтын-оқ­тын жүргізілген аяусыз астамшы­лық­тарға ұшырауы – тарихи шын­дық.

Сондай-ақ, «Тұл дүние», «Тозақ оты», «Абылайдың ақырғы батыры», «Көкжал» атты хикаяттарында да қам­тылатын оқиғалар қазақ әдебиетінің ақтаңдақ беттерін толықтыруға тарихи танымдық қызмет атқарып тұрған­ды­ғын айту ләзім.

Қ.Жұмаділовтің 2003-2005 жылдары жарық көрген 12 томдық таңдамалы шығармаларының құрамын 10 роман, бір том әңгіме-повестері, бір томын проб­лемалық мақалалары құрайды. Он романның «Көкейкестіден» басқасы таза тарихи тақырыпты қаузайды, бас­қа шығармаларында қазіргі дәуір дидары, замандас бейнесі, дүниетаным иі­рімдері әр қырынан ашылады. Жазу­шының «Сарыжайлау», «Бір түп тораң­ғы», «Сәйгүліктер», «Қарауыл», «Бір қа­­­ланың тұрғындары», «Тұл дүние» сияқ­ты повесть-хикаяттары мен «Кө­кей­кесті», «Соңғы көш» 1-кітап (1974); 2-кітап, (1981), «Тағдыр» (1988), «Дарабоз», «Таңғажайып дүние», «Прометей алауы», «Қылкөпір», «Атамекен» атты ро­мандары қалың жұртшылыққа кеңі­нен танымал. 1960 жылдардан бастап есептегенде, жетпістен астам әңгімелері мен жүзден астам мақалаларының өзі бір төбе. Соның ішінде отар елдегі ұлт тағ­дырын тұңғыш қозғаған «Қаздар қай­тып барады» (1963) әңгімесі көш­пен­ділер тарихына арналған тақырып­тың табалдырығы іспетті.

2008 жылы жарыққа шыққан «Мәң­гілік майдан» кітабына енген «Найман-Ана ескерткіші» және кітаппен аттас хи­каяттары мен «Зауал», «Мерген», «Ама­нат», «Емен мен қайың», «Әмбебап әйел», «Есі ауысқан адамдар», «Бәс не­ме­се қарагер аттың хикаясы», «Есі ауыс­қан адамдар» қатарлы әңгімелері жә­не де «Әділ сот алда. Ол – уақыт со­ты», «Ақ қағаз – арым, қара сия – қа­ным», «Жазушының жан айқайы қай­дан шығады», «Менің өмір жолым оңай болған жоқ», «Ұлттан тыс тұратын әде­б­иет те, жазушы да болмайды», «Күрес­пен өткен ғұмыр», т.б. сияқты бүгінгі әдеби үрдістің барысын талдап, анығын айта­тын сыр-сұхбаттары мен мақала­лары топтастырылған.

2010 жылы «Тозақ оты» деген атпен шық­қан кітабында «Абылайдың ақыр­ғы батыры» повесть-хикаяттары мен бү­­гінгі күннің өзекті мәселелерін қоз­ғай­тын «Күйеу бала», «Абақты», «Ке­ші­рім», «Бір шөлмек сыра», «Фәни мен ба­қи дүние арасы», «Тоқымқағар», т.б. әң­гімелері мен мақалалары, сыр-сұх­бат­тары жарияланған. Осындағы Қы­тайдың «Тарым» атты жазалау лагерінен жазылған кітаппен аттас повесте ­жа­зық­сыз жала жабылған қазақ, ұйғыр тә­різді ұсақ ұлт оқымыстыларының ай­­наға тосқандай басынан кешкен ауыр азапты тағдыры тұр.

Қаламынан көркем шығарма сор­ғалап тұрған Қабдеш ағамыз 2011 жыл­дың басын «Жұлдыз» журналының №1 са­нына шыққан «Аранға түскен аққу­лар» хикаятымен бастаған еді. 1937 жыл­ғы қуғын-сүргінде азап-тозақты ер-азаматтармен тең тартқан әйелдер қауы­мы, олардың қуғындалған туған-туыс­тары туралы толық айтылды дей ал­маймыз. Белгілі қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұловтың жұбайы – Дәмеш, Сұлтанбек Қожановтың жұбайы – Кү­ләндам, Сәкен Сейфуллиннің жұбайы – Гүлбаһрам, Бейімбет Майлиннің жұ­байы – Гүлжамал, т.б. небір ардақты аза­маттардың әйелдері  АЛЖИР (Акмо­линский лагерь жен изменников родины) түрмесінде жазықсыз жапа шекті. Міне, аталмыш тарихи-хикая­тында Қ.Жұмаділов осы әйелдердің азапты тағ­дырынан сыр шертеді. Мұндағы не­гізгі оқиға қоғам қайрат­кер­лерінің әйел­дері Дәмәлі мен Ғазиза, белгілі қа­ламгердің әйелі Нұржамал, басқа ұлт өкілдерінен маршал М.Н.Туха­чевс­кийдің қарын­дас­тары Елизавета мен Галина бейнелері айналасында өрбіп, АЛЖИР-дегі он мыңдаған әйелдің мұң-шері сөз болады. Лагерь­дегі білікті ғалымдар мен бі­лім­ді дәрі­герлерді, экономистерді, аг­рономдарды, мал мамандарын, ән­шілер мен музыканттарды қу медиен да­лаға әкеліп, «жау» деп қуғындамай-ақ, мамандығы бойынша мемлекет қыз­метіне жексе, өкіметке әлдеқайда көп пайда келтірер еді. Лагерде қама­ған­нан өкімет не ұтты? – деп, жазушы сол кездегі қоғам қасіретіне деген шер­лі көкіректегі шарасыздықты оқы­р­ман­ға сауал тастау арқылы өкіне жет­кі­зеді.

Бұдан кейінгі «Абылайдың ақырғы күн­дері»,  «Ханның басы қанша тұрады» хикаяттары мен «Диктатордың ажалы», «Қараманның қарғысы», «Донжуан қораз», «Қысыр кеңес», «Құрдастар», «Ағалардың алақаны», «Батырмен өт­кен бір кұн» «Елім-айлап өткен өмір» әң­гімелері мен сыр-сұхбат, ой-тол­ғам­дары 2013 ж. «Әріп пен Сара» деген хи­каятының атымен жеке кітап болып шық­са, 2014 ж. «Аққуды атпас болар» де­ген кітабында «Қанды қақпан», «Шыр­мауық» хикаяттары және «Кә­рі­лерге ем болатын дәрілер», «Жағым­паз­дың ажалы», «Сырттан», «Жеті ата», «Аруақтың ататыны рас па?», «Жалған атақ, арзан абырой», «Сызықтың арғы жағы, бергі жағы», «Менің алғашқы бас­тығым», «Көгілдір жәшік алдында» әң­гі­мелері мен сыр-сұхбат, ой-толғам­дары енген.

2015 ж. «Академиктің көз жасы» де­ген хикаятының атымен аталған жеке жинағында «Жан мен тән», «Қысқа өмір­де қырық құбылған дүние-ай», «Ша­мырқанса шарт сынатын тектілер», «Ти­рандар тырапай асқан жыл», «Ажал­дан қашқан періште», «Ақыштың бөр­тесі», «Қами болыс», «Жүңгү шал» мен баспасөз бетіне жарияланған сыр-сұхбат, ой-толғамдары берілген.

Аталған шығармалардың ішінен біз та­рихи тақырыпқа негізделген романдары мен хикаяттарын тарихи дерек көз­дерімен және басқа да тақырып ауқымы ұқсас туындылармен салыс­тыра келгенде, қаламгердің қазақ әдебиетіне, оның ұлтшылдық танымы мен көркемдік әлеуетін арттыруға қос­қан ұшан-теңіз үлесін аңғардық.

Қазақ прозасының дамуы тұрғы­сы­нан межелесек, 1960-1980 жылдар ара­лығындағы әдебиетке іркес-тіркес кел­ген мол шоғырдың жуан ортасында Қ.Жұмаділов те өзіндік қолтаңбасымен бірден танылған-ды. І.Есенберлин, Т.Әлім­құлов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Қ.Ысқақов, А.Нұрманов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Сматаев, О.Бөкей, Ш.Мұртаза, Р. Тоқтаров, С.Мұратбеков, Р.Сей­сенбаев, Д.Исабеков, С.Елубаев сияқ­ты жазушылардың қаламгерлік шеберлігін салмақтайтын болсаңыз, Қ.Жұмаділовтің жөні бөлек. Себебі, Кеңес өкіметі тұсында жазушы шығар­ма­шылығы жекелеген мақалаларда ғана айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Өйткені, ең алдымен шекараның арғы беті, бергі беті деген мәселе тұрды, екіншіден, Қы­тай мен Ресей құрамындағы қазақ ұлтының басындағы ұқсас трагедиялық тағдыр тұңғыш рет Қ.Жұмаділов шы­ғармаларында сөз болғандықтан, екі жақтың тарихын ғана емес, жан-жаққа ша­шырап кеткен қазақтар тарихын же­тік білетін ғалым керек еді, үшінші­ден, 1962-1988 ж.ж. аралығында шека­ра­­дан адам тұрмақ, ұшқан құс, жүгірген аң өте алмайтын.

Академик-жазушы Р.Нұрғали «Кемел кезең» деген мақаласында: «Тұсау-ке­сер туындыларын алғашқы жылы­мық тұсында аз-кем еркін күндерде дүниеге әкелген буынның талантты өкіл­дері отаршылдықты жәннат деп мадақтаған сайқал идеологияның ең қиын-қыстау уақыттарының өзінде ұлттық мұратқа, өнер табиғатына, халық болашағына опасыздық жасаған жоқ. Ашық айту мүмкіндігі болмаған жерде зарлы шындық, ауыр трагедия, сорақы қиындықтарды бүгінгі күннің ақиқатын ескі тарих, емеурін оқиға, бүр­кеме ой арқылы айтып бере алды. Сондықтан да бұл буын өкілдерінің бетінде шіркеу жоқ, азат Қазақстанның жаңа төлінің көзіне олар именбей, емін-еркін жарқын қарай алады. Осы бағлан, байсалды, батыр буынның кеу­де тұсында Қазақстан Мемлекеттік сый­лығының лауреаты Қабдеш Жұ­ма­ділов тұр. Сөйтіп, әділін айтқанда, Қаб­деш Жұмаділов қазақ тарихи ро­ма­нистикасының бүгінгі таңдағы ең бе­дел­ді өкілінің бірі болып отыр. Бұл оның Қазақстанның бергі бет, арғы бетіндегі досы да, дұшпаны да мойын­да­ған шындық», – деп әдебиеттің бір­туар тұлғасы әділін айтып кеткен екен.

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» сияқты роман­да­рын­да­ғы бір ерекшелік – тарихи дерек көз­дерінің дәлдігі мен оқиға орнының нақ­тылығы болса, екіншісі – көшпелі ұлт руханиятының тұрмыстық этног­ра­фиялық мәдениеті дәстүрлі сипатымен, қанық ұлттық бояуымен көрініс табуында. Осыған орай әр кейіпкердің ұлттық болмыс-бітімі, мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, наным-сенімі, парасат пайы­мы көшпелі тұрмыс мәдениетінің да­налығына сай көркемдік айналымға түс­кен. Мысалы, аталмыш үш шы­ғар­мадағы Қабанбай батыр, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Бұқар жырау, Ақ­тамберді жырау, Ысмайыл, Күдері, Қа­нағат би, Қайынбай, Жағда, Естай (автор), Оспан батыр, Тұрсын, Шәкен, Керімбай, Нұрбек, Демежан, Башпай бай, Әсет пен Әріп, т.б. сияқты кейіп­кер­лер тарихта нақты болған адамдар. Образдар жүйесі авторлық идеяның көр­кемдік көрінісі дейтін болсақ, ал оның шығармаларындағы тұтас бір ке­зеңнің тарихи шындығы осы адамдар айналасына жинақталып берілген. Сондай-ақ, патшалық Ресей мен Ежен хан империясының отарлау саясаты қазақтың ежелгі рушылдық ынты­ма­ғының тамырына балта шауып, ағайын берекесін ірітіп, араздастыруы түсінік-түйсігі әлсіз адамдардың жүй­кесін жұ­қартып, олар уақыт сынына төтеп бере алмай, «қазақтың жауы қазақ» болып шыға келді. Жағымсыз кейіп­кер­лердің жан түршігерлік зұлымдық, сатқындық іс-әрекеттерінен жазықсыз жапа шеккендердің тартқан қасіретін сөз­бен айту қиын. Ұлттық тарихымыз­дың трагедияға толы беттері халқым деп еңіреп туған ерлердің кесек бейнесі арқылы шынайы бейнеленген. Образ сомдаудағы жазушы шеберлігі оның өмір шындығына терең бойлай алуына байланысты. Сонымен бірге, көркем әде­­биетте образдың тұлғалануы шы­ғар­маның жанрлық сипатына, әр қа­ламгердің қабілет-қарымы мен түсінік-түйсігіне де байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда тарихи оқиғалар мен кейіп­кер­лер характерін үйлестірудегі ком­по­зиция­лық тұтастық – жазушы шебер­лігінің жарқын көрінісі.

«Егер бұл күнде тәуелсіздік дәмін та­тып, ойымызға нұр, бойымызға шыр біте бастаса, ел тізгіні қолымызға тиіп, бі­ріміз көсем, біріміз шешен атанып жүр­сек, солардың бәрі қиын күндерде азаттық идеясын өшірмей, әр жүрекке шы­рағдан етіп жаққан қазақтың көр­кем сөзіне қарыздар», – деген Қ.Жұма­ділов­тің «Соңғы көш» дилогиясы елі­міз тәуелсіздік алған жылдарға дейін тақырыбы тұрғысынан дара туынды болды. Осы туындысы арқылы Қ.Жұ­ма­ділов – қазақ әдебиетіне соны тақы­рыппен, тың толғаныспен енген жазушы. Қытайдағы қазақтар «Тағдыр» ро­манында сөз болатын патшалық Цин өкіметі тұсында да азапты аз көр­меді. Солай бола тұрса да, Шығыс Түр­кі­стан халқының  романдағы қамтыл­ған кезеңдегі тартқан жәбір-жапасы бұрын көріп жүрген әділетсіздіктердің бәрі­нен де асып түсті. Мұны қазіргі жарық көріп жатқан тарихи зерттеу еңбектер де айғақтайды. Сондықтан да Қ.Жұ­ма­ді­лов роман желісін халық тра­гедия­сының ең шарықтау шегі, яғни Шығыс Түр­кістан Республикасы сахнадан ке­тіп, Қытайдағы жаңа өкімет армия­сы­ның Тарбағатай аймағына кіруінен бас­тайды да, алпысыншы жылдардағы ел басына төнген зобалаң­мен аяқтайды. Сонымен бірге, бұл кез­­дегі оқиғалардың көпшілігі қалам­герге жақсы таныс әрі шы­ғармадағы Қанағат ауылы – жазу­шы­ның өз ауылы, ақын жігіт Естай жазу­шының өз прототипі болса, басқа да Шығыс Түр­кістан Республикасын к­ө­зімен көрген, оның азаттығы жолында күрескен тағ­дырлас тірі куәлар – өзі­нің күн­де­лікті көріп жүрген араласқан адамдары.

Жазушы ұстанымы – тарихи шын­дық, өмірде болған нақты оқиға мен өзі­нің жеке интуициясынан туған көр­кемдік қиял. Мұның бәрі суреткерлік ше­берлікпен ұштаса келе, әдебиетіміз­дің ақтаңдақ беттерінің толығуына себеп болды.

«Соңғы көш» деген сөздің қат-қа­бат мағынасы бар. Ең алдымен бұған «көш­тің соңы» немесе бір отбасының ғана кө­ші деп қарамау керек. Жазушы бұ­рын ешкім қозғамаған бұл сөзді өз өмі­ріне тікелей қатысты болғандықтан да алған сыңайлы. Автор сөзімен айт­сақ: «Оны тек 1962 жылғы көш деп ұғын­бау ке­рек. Мыңдаған жылға созылған қа­зақ­тың көшпелі өмірі ХХ ғ. ортасына дейін Шыңжаңда ғана сақталғаны жұрт­шылыққа белгілі. Бір сөзбен айт­қанда, сол көшпенділердің соңын, өзім куәсі болған, сарқытын ішкен өмірдің ең соңғы суреттерін қағазға айнытпай түсіруім қажет болды. Біртіндеп тарих сах­насынан кетіп бара жатқан, енді еш уақытта қайталанбайтын, тұтас бір дәуір, неше алуан характерлер тұрды көз алдымда. Көшпенділердің ең соңғы байы, ең соңғы биі, ең соңғы батыры, ең соңғы ару қыздары… Көркем әде­биеттің басты бір мақсаты – уақытты «кі­дірту», өмір көріністерін қағаз бе­тіне мәңгі қалдыру ғой. Біз «Соңғы көш­те» хал-қадарымызша осы мақ­сат­ты орындауға күш салдық», – дейді. Бұ­д­ан шығатын қорытынды – жазушы «көш» деген сөзге бүкіл елдің мен­та­ли­тетін сыйғызса, «соңғы» деген сөзге «көш­­пенділердің соңғы тұяғы» деген ма­ғынаны сыйғызады. Романдағы ерек­шелік сонда, суреттеліп отырған ке­зең­­нің басты оқиғалары Шыңжаң қазақтары тұрмысымен үндесіп, көш­пен­ділер өмірінің күнелту салты мен дағдысы тұрғысынан сөз болуында. Роман-дилогия соңында жазушы от тиген қамыстай, елдің  дүрк көтерілуіне себепші болған бүкіл Құлыстайды кез­ген ұлы дүбір «көш», «көшу» деген сөз­дің құдіретіне бас иіп, «Ұлы көш» бас­талды деген сөзді жүйрік  аттың  желмен жарысқанына теңейді. Осылайша қазаққа бұрыннан етене таныс жылқы мен көш ұғымы тарихи поэтикалық сыр-сипатқа ие болған.

Философиядағы кез келген ақи­қат­ты анықтаудың үш шарты, яғни орын, жағдай, уақыт шексіз дүниені мең­зейтін «Көш» ұғымымен астаса келе, жаңа символдық мәнге ие болып, күңі­ренген халқының трагедияға толы тұйыққа қамалған өмірі жарқын бо­лашаққа ұмтылған прогресс жолымен жалғасады.

Жазушының тарихқа қосқан сали­қа­лы үлесі кезінде бұл елге мүлде жұм­бақ болып, күңгірт жатқан дүниеге, тіп­ті айғақты цифрларға дейін жан бі­ті­ріп, оқырман сарабына саналы түрде сала білгенімен өлшенуі керек.

Өзі суреттеп отырған дәуірдің не­гіз­гі тарихи оқиғасын дөп басып, дұрыс тану, сондай-ақ, тарихи романда қам­тыл­ған дәуір шындығы тарихи шын­дық­пен сай келуі – тарихи романдарға қойылатын басты шарттардың бірі. Осы ерекшеліктерге сәйкес «Соңғы көш» романының көтерген мәселесі ұлт­тық прозамыздағы алғашқы қадам бо­лып қойған жоқ, әрі шекара тақы­ры­бына арналған шығармалардың жетек­ші күшіне айналып, өзіндік мектеп қа­лыптастырды.

Бұл жерде атап көрсететін нәрсе – Қ. Жұмаділов өз шығармаларында сол кез­дегі саяси ахуалға байланысты тарихи деректерді еш бұрмаламай, Ресей мен Қытай империяларының қазақ жерін отарлауға бағытталған әккі саясатын әшкерелеп, «орыс – темір ноқта, қытай – қайыс ноқта» болғандығын, шын­дық жалпылама емес, нақты түсі­нік екендігін дәлелдеп көрсетуінде. «Ме­нің қаламымды қозғаушы күш – шын­дықты айтуға құштарлық» деп жазу­шының өзі айтқандай, оны өз тұс­тастарынан да, қазіргі замандастарынан да ерекшелендіретін, міне, осы жағ­дай.

Жалпы, романдары ғана емес, сан­да­ған тарихи хикаяттары мен әңгімелері ар­қылы да ұлттық прозамызды көр­кем­дік-идеялық тұрғыдан жаңа сапаға көтергенін батыл түрде айтуға болады. Айталық, «Көкжалдағы» Оспан батыр, «Абы­лайдың ақырғы күндеріндегі» Абы­лай, «Абылайдың ақырғы баты­рын­дағы» Бердіқожа, «Ханның басы қан­ша тұрады-дағы» Кенесары, «Ақ­қу­ды атпас болар-дағы» Шәкәрім, «Қанды қақпандағы» Мұхаметқали үкірдай, «Ака­демиктің көз жасындағы» Қ.Сәт­баев, «Шамырқанса шарт сынатын тек­­­тілердегі» Қ.Аманжолов пен М.Ма­қатаев, «Қысқа өмірдегі қырық құбыл­ған дүние-айдағы С.Мұқанов, «Аға­лар­дың алақанындағы» С.Шаймерденов, «Әріп пен Сара», т.б. тарихи эссе таби­ға­тымен жазылған хикаяттары зерт­теушісін күтіп тұрған тың дүниелер.

Сайып келгенде, Қ.Жұмаділовті ата-баба даналығынан, сол сілемде қа­лып­тасқан ұлтының ғұмыр сүру дағ­ды­сынан, жөн-жосығынан көз жазбай, адам­ға да, қоғамға да, заманға да са­быр­лы әрі сергек қарап, өзінің оған де­ген ішкі пайымын ақ қағазға түсі­ру­ден жалықпаған қазақ әдебиетінің абыз жазушысы деу керек.

Руда ЗАЙКЕНОВА,
филология ғылымының докторы, профессор.

Қабдеш Жұмаділовті туған күнімен құттықтаймыз!
Бүгін – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының иегері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Тарбағатай, Аягөз және Үржар аудандарының құрметті азаматы Қабдеш Жұмаділовтың туған күні. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды.  Қ.Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан бастап жергілікті баспасөз бетінде жарық көрген. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланды. 10 роман, 13 повесть, 50-ден аса әңгіме, көптеген мақала жазған, «Жас дәурен» өлеңдер жинағының, «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағының, «Көкейкесті», «Атамекен», «Тағдыр» романдарының, «Дарабоз», «Соңғы көш» дилогияларының авторы. «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз» романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты.

Негізгі еңбектері 2003–2004 жылдары «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған.  Қабдеш Жұмаділов туралы жазушы Әкім Тарази: "...Бір елде туып-өсіп, есейген шағында екінші бір елге келіп, сол ел туралы көркем шығарма жазу – екінің бірінің қолынан келер жеңіл нәрсе емес. Бірақ Қабдеш бұл сыннан сүрінбей өтті. Оған бұл жолы да өзінің табиғи талантымен қоса өмір тәжірибесі көмектескені анық. Оның басқаларымыздан бір артықшылығы – өзі көрген екі түрлі өмірді, екі түрлі қоғамдық формацияны салыстыра зерттеуге мүмкіндігі бар. Осы қасиеті Қабдешті жазушы ретінде тез есейтті. Біздің көзіміз үйреніп, етіміз өліп кеткен көп мәселеге ол тың көзбен, сұңғыла реалистің көзімен қарай білді..." Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып жүрген дара қаламгерді 78 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Материалды дайындау барысында ғаламтор беттеріндегі мәліметтер пайдаланылды Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Massaget.kz сайтына гиперсілтеме